С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация.


Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;

Шығарманы композициялық құрылысына қарай талдау.

Сабақтың мақсаты

Бағалау критерийі

Шығарманың мазмұнымен таныс;

Бөлімдердің ретін біледі;

Маңызды оқиғаларды біледі;

Әдеби шығарманың жанрын анықтайды;

Композициялық құрылысына қарай талдай алады

1) Кiшкене келген, қысқа, келте (мұpын).~мұpын (танау).

ТӘМПІШ сөзінің мағынасы

1-тапсырма. (Жеке жұмыс) Шығарма бөлімдерін рет-ретімен жазып шығыңыздар.

Дескрипторлары:

Шығарма бөлімдерімен таныс;

Бөлімдердің ретін біледі.

Бөлімдері:

• «Танысу»

• «Тілеп алған азап»

• «Әзілі ме шыны ма?»

• «Өкініш»

• «Теке қарт»

• «Не болды бізге?»

• «Бұдан кейінгі күндерде …»

• «Ойламаған жерден»

• «Үш күн қалғанда»

2-тапсырма. (Топтық жұмыс) Әр бөлімге қатысты басты оқиғаларды бір-екі сөйлеммен жазып шығыңыздар.

Дескрипторлары:

Шығарманың мазмұнымен таныс;

Маңызды оқиғаларды біледі.

• Шаншатайдың ауылға келуі.

• Балаларды егін басына ертіп баруы.

• Егін басындағы балалардың өнері.

• Балалардың «Октябрь балалары» газетімен танысуы.

• Балалардың қырман басынан қайтардағы қырманшыларға өнер көрсетуі.

• Шаншатайдың «доп қуу» ойынын ұйымдастыруы.

• Шаншатай мен Иманбектің төбелесі.

• Балалардың Теке қартпен кездесуі.

• Келдібай директордың балаларға пионерлік тапсырма беруі.

• Ауылға радио келуі.

• Иманбектің кешірім сұрауы.

• Ауыл балаларының мәдениеттілігі.

• Ауылға газет келуі.

3-тапсырма. (Топтық жұмыс) Төмендегі кестені толтырыңыздар.

Дескрипторлары:

Әдеби шығарманың жанрын анықтайды;

Композициялық құрылысына қарай талдай алады.

Эпикалық жанр түрі – повесть.

Шығарманың негізгі ойы — жас жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Шығарманың композициялық құрылысы:

Басталуы. Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы.

Байланысуы. Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі,екеуінің айырылмастай дос болуы.

Шиеленісуі. Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы, түрлі ойын – сауық ұйымдастырулары, Шаншатайдың ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы.

Шарықтау шегі. Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы.

Шығарманың шешімі. Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары»газетіне шығуы.

 

Тәрбиелік мәні: Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбек сүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады.

 

Рефлексия.

Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

Оқу мақсатына жеттім деп ойлайсыз ба?

Қай тапсырма сізге көбірек ұнады?

[attachment=28139:tmpish-ara-1-saba.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу