алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары : 7-сынып қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы:

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сынып: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқу мақсаты

Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

 Сабақтың

 мақсаты

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;

Шығарманы композициялық құрылысына қарай талдау.

Бағалау критерийі

Шығарманың мазмұнымен таныс;

Бөлімдердің ретін біледі;

Маңызды оқиғаларды біледі;

Әдеби шығарманың жанрын анықтайды;

Композициялық құрылысына қарай талдай алады.

Пәнаралық байланыс

АКТ, өзін-өзі тану

АКТ –ны қолдану дағдылары

Таныстырылым

Құндылықтарды игерту

«Мәңгілік ел» құндылығы:

Тіл және мәдениет

НЗМ құндылықтары:

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапкершілік;

Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет

 Алдыңғы білім

Бұл бөлімде оқушылар ІІ тоқсанда меңгерген тілдік дағдыларын одан әрі дамытады. Сабақ оқушылардың ғаламтор, әлеуметтік желі туралы ақпараттармен өрбиді

 Тілдік

 міндеттер

Тәмпіш,

Алдыңғы білім

Көркем шығармаға сыни шолу жасау

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сабақтың ортасы

7 минут

8 минут

15 минут

Қызығушылықты ояту.

«Тәмпіш» сөзіне ассоциация жасау.

«Тәмпіш»

ТӘМПІШ сөзінің мағынасы.1) Кiшкене келген, қысқа, келте (мұpын).~мұpын (танау).

Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі, оқиғаның тұтас желісі. Бүгінгі сабақта біз сюжеттің құрамдас бөліктері, композициялық құрылысына талдау жасаймыз.

1-тапсырма. (Жеке жұмыс) Шығарма бөлімдерін рет-ретімен жазып шығыңыздар.

Бөлімдері:• «Танысу»• «Тілеп алған азап»• «Әзілі ме шыны ма?»• «Өкініш»• «Теке қарт»• «Не болды бізге?»• «Бұдан кейінгі күндерде …»• «Ойламаған жерден»• «Үш күн қалғанда»

Оқушылардың жұмыстарын тексеру үшін әр оқушы өз жазбаларымен топ мүшелерін таныстырады.

Дескрипторлары:

  • Шығарма бөлімдерімен таныс;
  • Бөлімдердің ретін біледі.

2-тапсырма. (Топтық жұмыс) Әр бөлімге қатысты басты оқиғаларды бір-екі сөйлеммен жазып шығыңыздар.• Шаншатайдың ауылға келуі.• Балаларды егін басына ертіп баруы.• Егін басындағы балалардың өнері.• Балалардың «Октябрь балалары» газетімен танысуы.• Балалардың қырман басынан қайтардағы қырманшыларға өнер көрсетуі.• Шаншатайдың «доп қуу» ойынын ұйымдастыруы.• Шаншатай мен Иманбектің төбелесі.• Балалардың Теке қартпен кездесуі.• Келдібай директордың балаларға пионерлік тапсырма беруі.• Ауылға радио келуі.• Иманбектің кешірім сұрауы.• Ауыл балаларының мәдениеттілігі.• Ауылға газет келуі.

Дескрипторлары:

  • Шығарманың мазмұнымен таныс;
  • Маңызды оқиғаларды біледі.

3-тапсырма. (Топтық жұмыс) Төмендегі кестені толтырыңыздар.

Эпикалық жанр түрі

Шығарманың негізгі ойы

Тәрбиелік мәні: 

Шығарманың композициялық құрылысы:

Басталуы. 

Байланысуы.

Шиеленісуі.

Шарықтау шегі. 

Шығарманың шешімі. 

Эпикалық жанр түрі – повесть.

Шығарманың негізгі ойы — жас жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Шығарманың композициялық құрылысы:

Басталуы. Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы.

Байланысуы. Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі,екеуінің айырылмастай дос болуы.

Шиеленісуі. Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы, түрлі ойын – сауық ұйымдастырулары, Шаншатайдың ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы.

Шарықтау шегі. Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы.

Шығарманың шешімі. Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары»газетіне шығуы.

Тәрбиелік мәні: Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбек сүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады.

Дескрипторлары:

  • Әдеби шығарманың жанрын анықтайды;
  • Композициялық құрылысына қарай талдай алады.

Соңы

5 мин

Рефлексия.

Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

Оқу мақсатына жеттім деп ойлайсыз ба?

Қай тапсырма сізге көбірек ұнады?

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау

Пәнаралық байланыс:география

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,

Рефлексия

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен

[attachment=28138:tmpish-ara-1-saba-mzh.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы