Е.Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, нұсқаулық.


Мұғалімге арналған қосымша ақпарат

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады: 

  • пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру); 
  • активті (белсенді)  оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс); 
  • интерактивті – inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады. 

Интербелсенді оқыту моделін пайдалану — өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады.  Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл  моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.

Интербелсенді оқыту технологиясы – бұл  коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

«Білім беруде ғылымның және ақпараттық технологияның заманауй жетістіктерін қолданатын және бұрын білім беру үрдісінде қолданылмаған әдістер инновациялық әдіс болып саналады.

Мақсаты–оқыту сапасын жоғарылату нәтижесінде Оқушытердің творчестволық қабілетін және дербестігін жетілдіру.

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:

  • Орта қалыптастыру 
  • Әрекет арқылы үйрету 
  • Өмірмен байланыстыру 
  • Өзінділікпен дербестікке баулу 

Интербелсенді оқытудың негізгі мақсаттары: 

  • Оқушылар арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату; 
  • Оқушыға білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу; 
  • Оқушыны қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру; 

Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.

[attachment=28052:aza-debieti_6-synyp_4-tarau_2-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa-2.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу