Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Әдебиет

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

А.Алтай «Прописка» әңгімесі

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

6.1.2.1- әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені жаһандық мәселелермен байланыстырады.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Бағалау критерийлері

  • әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Прописка, көкек айы, желтоқсаншы т.б.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиеттану

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық ахуал

Кел, балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық!

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл тынығып алайық.

Бас аяқпен топ-топ,

Шапалақпен хоп-хоп!

Бәр оңға, бір солға,

Өзімді-өзім айнала.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Слайд

Ортасы

3 минут

2 минут

5 минут

10 минут

5 минут

5 минут

Қызығушылықты ояту

https://www.youtube.com/watch?v=asQjhtNWwQs

Үзінді тыңдалып, бейнероликке байланысты бірнеше сұрақтар қоюға болады (2+1 минут)

Мұғалім сөзі.

«Автор туралы азырақ»

Асқар Алтай 1963 жылы 12 ақпанда туылған. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. Қазақ жазушысы, әрі сыншы. А.Алтайдың шығармаларында халықтың өткені мен бүгінгісі суреттеледі. Жазушының «Қызыл бөлтірік» повесі (1997 ж.) Халықаралық «Сорос» қорының бас жүлдесі - грантын жеңіп алған. 1989-1990 жылдары Қазақстан жазушылар одағының Жастар арасындағы прозашылар форумының Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты.  

С.

«Сұрақ қою» стратегиясы

Қала мен ауылдың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

Урбанизация ұғымы туралы не білесіңдер?

Урбанизация қалаға қуған қазақ ұлтының наласы мен шері, пропискаға отырудың соры деген тұжырымның мағынасы қандай?

Желтоқсан оқиғасы туралы пікіріңіз қандай?

Мұғалімнің бағалауы.

Т.

Оқушылар әңгіме мазмұнымен «Джигсо» әдісі арқылы танысады.

Оқушылар әңгіме үзіндісінен негізгі түсініктер мен сөз тіркестерін анықтайды.

Әңгіме мазмұнын ашатын сөздер мен сөз тіркестерін қағазға жазады. Әңгімеде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талқылау үшін тізім жасайды.

Қалыптастырушы бағалау

Топтық жұмыс

«Фишбоун» әдісі.

Балықтың басы – әңгімеде көтерілген мәселе;

Үстіңгі сүйектері – мәселенің туындау себептері;

Астыңғы сүйектері – салдары;

Құйрығы – мәселенің шешімі.

Дескрипторлар:

  • көтерілген мәселені анықтайды;
  • мәселенің туындау себептері мен салдарын талдайды;
  • мәселенің шешімін ұсынады.

«Жеке пікір алаңы»

«Жазушының «Прописка» деп астарлы тақырыппен берілген бұл әңгімесі расында да желтоқсанда із-түзсіз кеткендердің рухына бағышталған» деген тұжырым «ПОПС» формуласымен түйінделеді.

«ПОПС» формуласы

Бірінші сөйлем

«Менің ойымша,... ».

Екінші сөйлем

«Себебі, мен оны былай түсіндіремін… ».

Үшінші сөйлем

«Оны мен мына факт, мысалдармен дәлелдей аламын… ».

Соңғы сөйлем

«Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім».

Дескрипторлар:

  • тақырыпқа байланысты өз ойын білдіреді;
  • себебін түсіндіріп, дәлелдейді;
  • қорытынды шешімін ұсынады.

Оқушылардың бірін-бірі бағалау.

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: А.Алтай «Прописка» әңгімесін оқу

Кері байланыс:

«3-2-1»

Cабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар дифференциациялық тапсырмаларды

орындайды.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде тексеріледі.

Тарих, әдебиеттанумен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта өзара құрмет пен шығармашылықта жұмыс жасайды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу