Р.Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.
1-мәтін
Абай поэзиясында сол кездегі дәуір шындығы, қат-қабат қоғамдық қарым-қатынастар жан-жақты, терең бейнеленген. Әрине, лирикалық шығармаларда өмір шындығы, әлеуметтік құбылыстар бар. Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі,сезімі суреттелетіні белгілі. Ақын көбінесе өз жайын, өзінің айналадағы өмірге, әр түрлі құбылыс-жағдайларға көзқарасын сипаттайды. Бірақ ол өз жайын, өз басының мұңын, арманын, қуаныш-сезімін жыр етсе де, ол қалайда халықтың тағдырын, қайғы-мұңын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек мақсаттарын көрсетеді
2-мәтін
Ұлы ақын өзі жайлы, өзінің жеке басы жайлы айтса да, көптің тағдырын, адамзат жайын сөз етеді» деуі тегін айтылмаған. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирикалық қаһарманның ой-сөзімі, тағдыры өз заманында суреттелсе, соғұрлым ол типтік қасиеттері мол, сомдап жасалған ірі түлғаға айналып, дәуірдің көрнекті екілі болып шығады. Лирикалық поэзияның осы ерекшеліктері Абайдың өлеңдерінен мейлінше толық керінеді. Абай лирикасынан ақынның кеңіл күйін, жан дүниесін, толғанысын сөзініп қана қоймаймыз; солар қылы қазақ қоғамына, жалпы адам баласына тән сипаттарды, дәуір, заман келбетін танытатын қасиет белгілерді молынан табамыз.
3-мәтін
Өлең-жырларында ақын көбіне өз атынан сөйлейді. Басқа адамның бейнесін жасап, соның атынан айтуы сирек кездеседі. Мысалы, Абай «Болыс болдым мінеки...» деген өлеңінде бастан-аяқ болысты сөйлетіп қояды. «Айттым сәлем, қалам қас», «Қиыстырып мақтайсыз...» деген өлеңдерін бірде жігіттің, екіншіде қыздың сөзі етіп құрады. Ақын өлеңді өз атынан айтқанда Лирикалық кейіпкердің бейнесі жасалады. Себебі, ол ақынның өз бейнесі, жинақталған Лирикалық кейіпкердің бейнесі болып шығады. Ақын қоғам өмірі, заман, адам туралы толғанғанда, өзін «мен» деп, «біз» дей отырып, сол ортаның адамы, белгілі бір ұрпақ буынның өкілі ретінде сөзінеді. Сондықтан жекелеген өлеңнен қалайда ақынның өмірбаянынан нақтылы дерек іздеу үнемі қисынды бола бермейді.
1-тапсырма
Үзіндідегі кейіпкер қандай? Анықта.
Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2- тапсырма
Кестемен жұмыс істе
Өлең жазушыға ақын қандай кеңес береді? | Өлеңнен мысал | Менің тұжырымым |
3- тапсырма
Ақынның өлеңді ермек үшін жазбағанын дәлелдеп жаз
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?