Тортай мінер ақбоз ат. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ІІІ бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған... | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Турлыбекова С.К. | ||||||||||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Тортай мінер ақбоз ат | ||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты сөздік қор: Менің ойымша, ... Себебі (Өйткені)... Сондықтан (Сол себепті) | ||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация ,интерактивті тақта | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау және әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау жұмыстарын орындады. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||
Басы 5 минут | Қызығушылықты арттыру. «Көңілді қалпақ» Алдыңғы білімді тексеру әрі сергіту Қалпақ киіп би билейді, әуен тоқтаған кезде, кімнің басында қалпақ қалып қояды, сол оқушы әңгімені оқыған кезде өзіне ерекше әсер еткен тұсы туралы әңгімелепайтуы керек. | презентация | |||||||||||
Ортасы 10 минут
10 минут
10 минут | Мағынаны тану кезеңі. ЖЖ «Желпуіш» (Веер) әдісімен жұпта шығарма кейіпкерлерінің іс- әрекетіне байланысты жоғары деңгейлі 5 сұрақ құрастырады. Мысалы, Егер ... , не болар еді? Неге...? Неліктен ...? т.б. 1-жұп. Тортай 2-жұп. Ораш Дескриптор: сұрақ құрастырады. Бағалау «3-2-1» Сұрақтарды талқылап болған соң, өз кейіпкеріне хат жазады. «РАФТ» тәсілі Р - оқырман А - Ораш\Тортай Ф - хат Т - Сіз жақсы адамсыз Құрастырған сұрақтарыңызға жауап бере отырып, хат жазыңыз. Хат соңында кейіпкерге ұсыныс жазыңыз. Сөз саны : 70-80 Дескриптор: сұрақтарды қолданып хат жазады; ұсыныс жасайды; сөз санын сақтайды. Жұптық бағалау жасайды. Сабақты бекіту. «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы шығармадағы кейіпкерлер жүйесінің заманауилығы мен өзектілігі туралы ойларын қорытындылап айтады: 1. Пікір.Әңгімедегі кейіпкерлер туралы өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады. 2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді 3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. Кері байланыс «Бағдаршам» | қағаз | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «Неге?Неге?Неге?» Оқушы бүгінгі сабақта не үйренгенін айтады және сөйлемін «Неге?» деген сұрағымен аяқтайды. Келесі ойыншы сұраққа жауап беріп, жауабын «Неге?» деген сұрақпен аяқтайды. | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Оқушыларды мақтап, қолдау көрсету сабақтың өн бойында жүргізіледі. Қабілетті оқушылардың сыныптастарын қолдауына ықпал етемін және оларға күрделі тапсырма беруді көздеймін. | Кері байланыс, «Бағдаршам» әдістері арқылы тақырыпты меңгергенін анықтаймын. | Тарих пәнімен байланыстырылады. Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлу мақсатында көз жаттығуы жасатылады. Ынтымақтастық, құрмет құндылықтары дамытылады. | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?