Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Топ мүшелерінің аты-жөні

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1-топ тапсырмасы

«Көктем шыға колхоз жұмысына біз де араласқанбыз.Ортасына сым темір салып өртеген бір-бір дойыр қамшыны қолымызға алып, өгіз жеккен соқаның басына міндік.» 7-8 жасар балалардың ауыр жұмысын, ішкі сезімдерін, жасымай алға ұмтылуын сипаттап жаз.

2-топ тапсырмасы

«Кей күні ойыннан кейін мен кешкі тамақты ішіп ап, Бапайдың үйінебаратынмын. Мен келгенде Аян ылғи темір пештің аузында от жағыпотырады.» Бапай үйін сипатта.

3-топ тапсырмасы

«Осы тұста Аян көзі шарасынан шығып, бізді жаңа ғана көргендейбәрімізге бір-бір қарап өтті. Жалғыз көзді дәу естіп қоймасын дегендейдаусын бәсеңдетіп сыбырлай сөйлейді.» Аянның ертегі айтқан кездегі және ертегі тыңдаушылардың эмоциясын сипаттап жаз.

4-топ тапсырмасы

«Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, көпкедейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанныңиісі сияқты жақсы иіс.» Жусан иісін сипаттап жаз.

«Қызық еді Аянның мінезі. Бірде, түн ортасында, дәл ұйқыға жатардыңалдында далаға шыққам. Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіпбарады екен.» Аян мінезін сипаттап жаз.

5-топ тапсырмасы

«Алғашқы күндері күндізгі ойын кезінде Аянға шанамызды кезекпе-кезек сырғанауға беріп жүрдік те, келе-келе шетімізден сараңси бастадық.» Шанасыз Аянның, әр баладан шана сұраған Аянның ішкі сезімін сипаттап жаз.

6-топ тапсырмасы

«Аңызақ жел ұйтқи соққан ыстық күннің бірінде біздіңауылға тағы бір қаралы қағаз келді. «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызық ертегі айтамын», – деп жалына дауыстай жүгірген Аянға келген еді.» Аянның сезімін сипаттап жаз

[attachment=27689:aza-debieti_6-synyp_3-tarau_5-saba_-didaktikaly-material_1-nsa-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу