Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге арналған қосымша ақпарат

Саралауға арналған тапсырмаларда қабілеті жоғары оқушыларды назардан тыс қалдырмаған жөн. Топтық жұмыстарда көшбасшы бола алатын оқушы үшін тереңдетілген жеке жұмыс беру де маңызды .

Қабілеті жоғары оқушыға арналған:

  • Үзіндіні оқы. Тұржанның іс-әрекетіне баға бере отырып, кейіпкерге хат жаз.

Тұржан жүгіріп жеткен бойда, қораның артында төрт бүктеліп шырқырап жатқан Аянды дәу табан кирзі етігімен теуіп кеп жіберді. Аян қалпақша қалқып барып анадайжерге түскен. Тұржан енді оны қолындағы қамшымен тулақты сабағандайкөміп-көміп алды да, тағы да тепті-ай кеп. Бас демей, көз демейбылшылдатып тебе берді. Әуелде құлындағы даусы шығып шырқырап:«Ағатайлап» шыңғырған Аянның біраздан кейін үні өшті. Кирзі етіктің астында жансыз заттай илектеніп жата берді.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Кері  байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Мақсаты: Топпен және жеке жұмысты бағалау, өз жұмысын жақсарту, тапсырманы орындауға әр түрлі тәсілдер табуға жаттықтыру.

Ұйымдастыру: оқушылармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі басқаруға үйретеді.

Жаттығудың  сипаттамасы:

Оқушылар сыныптың ішінде еркін қозғала алады, бір – бірінің жұмысымен танысуға мүмкіндіктері болуы керек.

  • Ең алдымен өз жұмысын бағалайды.(төменгі 3 ретте берілген)
  • Басқа топтардың жұмысымен танысуға мүмкіндіктері беріледі.
  • Әр оқушыға бірнеше стикерлер беріледі.Осы стикерге өздеріне ұнаған екі сәттерді жазады және жұмысты жақсарту үшін бір тілектерін жазуы керек.
  • Өз топтарының жұмысына қалдырғ ан тілектермен танысады, уақыт болса, жақсы тілектерін оқуға болады.
  • Жұмыстарын жақсарту үшін қалдырған тілектердің тізімін жасайды да, топта өзара талқылайды.
[attachment=27701:aza-debieti_6-synyp_3-tarau_2-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa-10.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу