Абай қарасөздері. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Оқу бағдарламасына сілтеме

А/И1. Әдеби шығарманың композициясы

6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау

Сабақтың мақсаты

Шығарманың композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызын түсіндіру

Бағалау критерийлері

  • Қарасөздердегі эпизодтардың маңыздылығын біледі
  • Негіздеме жасап сөйлей алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың жатқа оқу дағдысын қалыптастыру;

Сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыландыру;

Шығарманың мазмұнын композициялық тұрғыдан талдауды үйрету.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, құрмет

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, дене тәрбиесі, география

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан бейнебаяндарды пайдалану, презентациямен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

2 минут

5 минут

5 минут

Ортасы

12-15 минут

Қызығушылықты ояту

  • Абай Құнанбайұлының неше қарасөзі бар? Қарасөздерінің тақырыбы қандай?
  • Қарасөз жазу себебі неде?

Мағынаны тану.

Оқы. Жұпта талда

  • Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Сол арқылы ұлы ақын әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланған. Зерттеушілер қазір қара сөздерді философиялық шолу деп түсіндіріп жүр. Онда орта ғасырлық дәстүрлі түрік прозасы үлгісінің әсері де байқалады. Сонымен ақынның бірінші қара сөзінен бастайық. Мысалы, бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне қатысты ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерінде оралмайды. Бірінші қарасөзі алда айтатын қара сөздерінің «әлқиссасы» іспетті. Жер ортасы жасқа (45-55 жас арасы) келгенше сүрген өмірін айта кетіп, алда не істеп, не жазатыны туралы айтады. «Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» - деп ойланады. Ойлана келе өз ойларын қара қаламмен ақ парақ бетіне төгілте жазуға шешім қабылдайды. Ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағуды ой елегінен өткізіп, ойына келген нәрселерді қағаз бетіне түсіруді жөн деп шешеді. Ал осы ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағу туралы ойларын жазғанда «бағу» сөзінің көпмағыналылығын шебер пайдалана білген. Расында да Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары түрлі пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздерін жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөз ретінде бағалауға болады.  
  • 2-тапсырма

Оқушыларды 6 топқа бөліп отырғызып, 6 қызмет жазылған бүктелген қағаздарды алдына тастаңыз. Олар қағаздарды алып, ашып, өздерінің қызметімен танысады. Қызмет түрлері:

Зерттеуші басты кейіпкердің мінезін, басты оқиғаны зерттейді.

Баяндап беруші қарасөзде көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлін талдап айтып береді.

Сұрақтар құрастырушы қарасөзде көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі бойынша сұрақтар дайындайды. Сұрақтар төменгі және жоғары деңгейлі болуы қажет.

Сілтемелер табушы қарасөздерде көтерілген мәселенің әлеуметтік рөліне сәйкес афоризмдер мен мәтелдерді табады.

Бейнелеуші - қарасөздерде көтерілген мәселенің әлеуметтік рөліне байланысты сурет салады.

Дәнекер – негізгі идеялар мен мен оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстырады.

3-қадам: Оларға қарасөздер бойынша жұмыс жасауға уақыт беріңіз.

4 – қадам: Оқушылар топта жүзеге асырған жұмысын сынып алдында қорғайды.

Бағалау.Оқушылар дескриптор бойынша әр топты бағалайды.

https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/32790/

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

  • Сабақ несімен ұнады? 
  • Қай жұмысың сәтті шықты?

Үйге тапсырма:

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) даярлау.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Дене тәрбиесі мен Қазақстан тарихы, география пәндерімен пәнаралық байланыс бар.

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет құндылықтары көзделеді.

Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді: партада дұрыс отыру, тақтадағы ақпаратты жақсы көру үшін ыңғайлы отырғызу т.б.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу