Абай қарасөздері. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


ІІ бөлім: ... Абайды оқы, таңырқа!

Абай Құнанбайұлының қарасөздері

Сабақ : № 29

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні :

Мұғалім: Меңдібаева С.Ә

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаты

Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру

Құндылықтарды игерту:

  • адамгершілік
  • сыйластық
  • құрмет

Бағалау критерийлері:

  • Қарасөздерде көтерілген мәселені біледі
  • Қарасөздердегі жаңашылдықты анықтайды
  • Салыстырып баға береді

Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер

Философиялық шолу, ой толғам, әлқисса

Осыған дейін меңгерілген білім

Абай Құнанбайұлының отыз бірінші қарасөзі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 – 7 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

Егер сен қарасөз жазсаң, қандай тақырыпты таңдар едің?

  • Өнер, білі
  • Тәрбие
  • Адамгершілік қасиеттер
  • Махаббат
  • Ар-ұят

Оқушылар тақырыпты таңдау себептерін айтады, түсіндіреді.

Сабақтың ортасы

5 – 7 минут

5 минут

7 минут

Ауызша кері байланыс 3 мин

10

минут

Ауызша кері байланыс беру

2-минут

Саралау тапсырмасы

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырма

Кестені толтыр.

Қарасөздер

Көтерілген мәселелер

Бірінші қарасөз

Жетінші қарасөз

Отыз бірінші қарасөз

2-тапсырма

Төмендегі зерттеу мәтіндерін оқы. Төмендегі тапсырманы орында.

1-мәтін

Қарасөз тақырыбын мынадай тақырыптарға бөлуге болады.1 Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі жайлы2 Имандылық тақырыбы3 Жаман мінез, әдеттер4 Адамгершілік жайлы5 Қазақ мақалы6 Қазақ халқы жайлыАдам психологиясы және бала тәрбиесі жайында ағартушы 7, 10, 20, 25, 31, 41, 43 қарасөздеріне айтқан. Адамның қызығушылығы бір нәрсені, не көріністі білейін, игілігін көрейін деген ерекше ынталануынан шығады. Қызығу, жан мен тәннің құмары және жас бала психологиясы жайында 7 - қара сөзінде айтқан. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» дейді.

2-мәтін

Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары - «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Оның алты-жеті үлгісі қысқа келеді.

Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Сол арқылы ұлы ақын әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланған. Зерттеушілер қазір қара сөздерді философиялық шолу деп түсіндіріп жүр. Онда орта ғасырлық дәстүрлі түрік прозасы үлгісінің әсері де байқалады. Сонымен ақынның бірінші қарасөзінен бастайық. Мысалы, бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне қатысты ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерінде оралмайды. Бірінші қарасөзі алда айтатын қара сөздерінің «әлқиссасы» іспетті. Жер ортасы жасқа (45-55 жас арасы) келгенше сүрген өмірін айта кетіп, алда не істеп, не жазатыны туралы айтады. «Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» - деп ойланады. Ойлана келе өз ойларын қара қаламмен ақ парақ бетіне төгілте жазуға шешім қабылдайды. Ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағуды ой елегінен өткізіп, ойына келген нәрселерді қағаз бетіне түсіруді жөн деп шешеді

3 маңызды мәселе

______________________________________________________________________________________________________________________________

3 ақпарат

____________________________________________________________________________________________________________________________

Менің 3 тұжырымым

____________________________________________________________________________________________________________________________

3- тапсырма

Жаңашылдық деген сөзі қалай түсіндің? Абай қарасөздерінің жаңашылдығы неде?

Оқушылар ойларын дәптерге жазады, топта жазғандарымен бөліседі. Ортақ пікірлерін А4 қағазға жазып, ойларын ортада қорғайды.

Әр топтың жұмысы критерий бойынша бағаланады.

Бағалау дескрипторы

Қарасөздерде көтерілген мәселені біледі

Қарасөздердегі жаңашылдықты анықтайды

Салыстырып баға береді

Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.

Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушыға арналған тапсырма:

«Қарасөздерді оқимыз ба?» деген жоба қорғау үшін сауалнама өткіз. Сауалнамаға 12-13 жастағы 20 оқушыны қамты. Сауалнамаға қатысушыларға 4 сұрақ құрастыр.

https://bilimland.kz/kk/content/lesson/7615-abai_qunanbai_uly_laquo_otyz_birinshi_qara_soz_raquo

презентация

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ рефлексиясы

  • Мұғалім оқушыларға сабақта өздеріне ұнаған үш жақсы кезеңді таңдап алу ұсынылады, ал оқушы болса сабақты жақсарту үшін өзінің бір әрекетін ұсыну қажет.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  • Конспектілеуді пирамидалық тәсіл арқылы бергенім дұрыс, ұтымды болды

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу