Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?". Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекайдар Г. Б.

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?"

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

А/И2. Автор бейнесі

 Сабақтың мақсаттары

Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

 Бағалау критерийі:

Барлық оқушылар орындай алады:

Әңгімедегі автор мен кейіпкерлер бейнесін анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгіме кейіпкерлерінің бейнесін ашуға сай берілген тапсырмаларды орындай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Автордың ойын көрсететін күрделі сұрақты талқылай алады және пікір айта алады.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану – адам бойындағы ізгі қасиеттерді әңгімелеу;

халықтық педагогика –

Алдыңғы оқу

Көркем шығарма бойынша әдеби сын

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

2 минут

5 минут

3 минут

2 минут

8 минут

7 минут

5 минут

Сәлемдесу

Кіріспе жасау: «Кейіпкерді таны» жаттығуы

  • Кейіпкер сөздерін сәйкестендіреді.

Кейіпкер

Азат

Жолдас

Райхан

Елден келген шешей

Әсия

۷

А/И2

Проблеманы айқындау кезеңі:

Шығарма кейіпкері қандай ұлттық құндылықты іздейді?

Автор шығармада бұл мәселені қалай көтереді?

Азат пен қыздары ауылдан келген шешейді неге «әже» деп атай алмады?

Сергіту сәті: «Ән тыңдайық» Қарақат Әбілдина «Асыл әжем»

https://www.youtube.com/watch?v=XwZijXN9GXk

Шығармашылық кезең: «Ұйқасын тап» ойыны

Менің әжем, нар әжем Менің әжем, жыр әжемКөп жасаған кәрі әжем. Шуағы мол, нұр әжем.Ауырғанда мен үшін Ақ таяққа сүйеніпӘр сүйгені ................ ................................

Тоқыпты әжем алаша, Әжеме кетсем жұғысып,

Бояуы қынық тамаша. Тапқандай болам сөз кенін.Көктемгі кемпірқосақты Ертегін қызық ұғысып,

Әжеміз.............. жасапты Тыңдаймыз көзбен ..............

«Екі жақты кесте»

Шығарма үзінділерін оқушыларға бөліп беріп төмендегідей кесте толтыртып, кезекпен оқытып шығады.

Шығармадан үзінді

Автор көзқарасы

Өз көзқарасың

«Автор орындығы»

Оқушылардың қалауы бойынша шығарма авторы болады. Ортаға үстелге отырады. Оқушылар оған сұрақтарын қоя бастайды. (Осылай бірнеше оқушы автор орындығына отырса болады. Оқушылар сұрақты өздері құрастыруына болады. Дегенмен төмендегідей сұрақтар легін ұсынуға болады).

  • Шығарманың тақырыбына нені арқау етіп алдыңыз?
  • Шығарма арқылы қандай идея ұсынғыңыз келді?
  • Шығармада әжені іздеу қалай басталды?
  • Шығармадағы кейіпкерге әже бойынан қандай қасиет іздеткіздіңіз?
  • Әже бойынан кейіпкерлер іздеген қасиет қайда кеткен?
  • Шығармадағы әжені басқа қырынан сипаттағыңыз келсе, қалай сипаттар едіңіз.
  • Егер шығармаңыз жалғасар болса, Азатқа қыздарына берген уәдені қалай орындатар едіңіз.
  • Сіздіңше Әрбір үйде әженің болғаны дұрыс па?
  • Әжелерге қандай тілек айтасыздар?

Проблеманы шешу кезеңі: «Тірек сөздер»

Берілген тірек сөздер арқылы «Нағыз әжені» сипаттап жазады.

Әже, ана, отбасы, тәрбие, ұрпақ, мейірім, ұлттық, заманға сай, болашақ, жалғасу, даналық, кеңпейіл, зерек, дәстүр.

Сурет қиындылары

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия: «Түсіну шыңы» әдісі бойынша әр оқушы

-сабақтан не алғаны туралы 3 сөйлем жазады;

-әр сөйлемнен бір-бір тірек сөз алады;

-үш тірек сөзді біріктіріп сөйлем құрайды.

Үйге тапсырма: Абайдың әжесі мен Шоқанның әжесі туралы ізденіп оқу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Шығармадан үзінді

Автор көзқарасы

Өз көзқарасың

Менің оларға айтатыным, көбінесе: «Ер Төстік», «Құйыршық», «Түлкі мен тазы» сияқты халық ертегілері. Перзентханада өмірге келіп, балабақшада өсіп-өніп жатқан бүгінгі заманның сәбиі үшін қызық та, тосын дүниелер.

Шығармадан үзінді

Автор көзқарасы

Өз көзқарасың

... Сол түні өз әжем түсіме кіріпті. Осыдан отыз жыл бұрынғы қалпы, басында аппақ кимешегі бар екен деймін. Ескі мақаммен ыңылдап ән айтып, ұршық иіріп отыр. Мен болсам әжемнің бүйіріне басымды тығып, еш алаңсыз ірімшік жеп жатыр екенмін.

Шығармадан үзінді

Автор көзқарасы

Өз көзқарасың

Мақсатым – қыздарыма өз әжем сияқты нағыз қазақи кейіптегі кейуананы керсету еді. Ондағы ойым – әже деген жарықтықтың анау-мынау қарапайым адам емес, ардақты да қасиетті жан екенін сәбилер шын көңілмен сезінсін, оларды не үшін құрметтеу керегін түсіне білсін деген ниет.

Шығармадан үзінді

Автор көзқарасы

Өз көзқарасың

Өзі мейірімді де, ақылды адам. Ешкімге ешқашан ұрыспайды, ұрса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзің ұялатындай етіп ұрсады. Үні де, қолы да, көзқарасы да жұмсақ, жұрттың бәрімен: «Қарағым, айналайын», – деп жылы сөйлесетін иман жүзді қария. Өзі ылғи шаруа істеп, күйбеңдейді де жүреді. Тіпті, ештеме істемеген күннің өзінде ұршық иіріп отырады...

Шығармадан үзінді

Автор көзқарасы

Өз көзқарасың

Есіктен кірісімен, кідірмей іздегенім – елден келген шешей. «Жаңылыспай, дәл танитын шығармын», – деп ойласам да, көзімді тиянақтата алмай, сәл-пәл іркіліп қалғаным. Дастарқан басына келіп жайғасқаннан кейін ғана байқадым ол кісіні. Өзінің сырт нұсқасы мен білетін ауыл кемпірлеріне онша келіп тұрған жоқ.

Шығармадан үзінді

Автор көзқарасы

Өз көзқарасың

Отырыстың ыңғайына қарай қалалық кісілермен тез араласып, іркілмей жұғысып кеткен шешей әзірше қыр адамына тән қазақи мінез таныта қойған жоқ. Менің іштей аңсап келгендегі шаруам да ауыл исі бұрқырап тұрған өзімнің әжемдей кісіні жолықтыру емес пе еді.

Шығармадан үзінді

Автор көзқарасы

Өз көзқарасың

Трамвайдан түсіп, үйге келе жатқанда кенеттен Аяның:

– Папа, шынында да ол әже емес шығар? – дегені, әлденеден көңілі қалған адамдай, басыңқы жуас дауыспен. – Айтшы, папа. Ол шын әже емес қой, ә?

– Папа, сен бізге бәрібір нағыз әжені көрсетесің ғой. Айтшы, көрсетесің бе? – деді. Мен уәде еттім. Бірақ оны қалай орындайтыным туралы сол сәтте ойланған жоқ едім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу