Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?". Қазақ әдебиеті, 5 сынып, дидактикалық материал.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 3

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нұрмағамбетова Нұрсәуле Абзалқызы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Отбасы құндылықтары

Сабақтың тақырыбы

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?"

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы

Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Шығарма мазмұнын, ондағы мәселені түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығарма бойынша сұрақтарға жауап беруді, шынайы өмірмен байланыстыруды

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәселенің шешімін ұсынуда дербестік танытуды

 Бағалау критерийі

  • Шығарма мазмұнын түсінеді;
  • Онда көтерілген мәселені сараптайды;
  • Шығармадағы оқиғаларды салыстыра алады;
  • Шығарма оқиғасын шынайы өмірмен байланыстырады.

Тілдік мақсат

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

 Сабақта қамтылатын

құндылықтар

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдалану үшін интербелсенді тақтаны қолданады.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Алдыңғы оқу

Нұрдәулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?" шығармасының алғашқы 2 сабағы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

Ж/ЖЖ/Т«Ойлан, жұптас, талқыла»

  • Сіздердің ойларыңызша, нағыз әже қандай болады?
  • Қазіргі таңда шығармада көрсетілгендей баяғының әжелерін кездестіруге болады ма?

Топқа бөлу

Түскен шығарма кейіпкері есімдеріне қарай оқушылар 3 топқа бөлінеді:

  • Азат/Балқыз
  • Райхан/Шығыс
  • Жолдас/Әсия

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін таныстыру

слайд

Үлестірме материалдар

Сабақтың ортасы

7 минут

10 минут

+10минут

5 минут

Шығарма бойынша сұрақтар:

  • Азаттың әжесі қандай еді?
  • Әкесі қыздарына нағыз әжені көрсетуді неліктен армандады?
  • Оның ойындағы нағыз әже бейнесі қандай?
  • Шығармада қандай мәселе көтеріліп тұр? Ол мәселе біздің қоғамымызда орын алады ма?
  • Шығарма сіздерге қандай әсер қалдырды?

БІЛУ/ТҮСІНУ

1-топ: Хикая картасы

Оқушылар топта бірлесіп, оқиға картасын толтырады.

2-топ:

Қолдану «Т кестесі» арқылы Асхаттың әжесі мен Жолдастың анасын салыстырыңыздар.

3-топ

Қолдану

«Неліктен» стратегиясы

«Пирамида» әдісі бойынша өз шығармаларыңызды талдаңыздар, себептерін анықтап, шешім шығарыңыздар.

ЖИНАҚТАУ

«Еркін мирофон»

Проблемалық сұрақтарға жауап беру

Қоғамымыздағы осы типтес мәселені қалай шешер едіңіздер?

Бағалау «Бас бармақ»

Диаграмма,

суреттер

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы

«Бүгін мен...................... білдім»

2.«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды»

3.« ......................... екенін түсіндім»

4.«Мен..................................... білім алдым»

5. «.................. мені таңғалдырды»

стикер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

[attachment=27308:otbasy-ndylytary_-mzh-3.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу