алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қобыланды батыр. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 4

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Қобыланды батыр» жыры

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

А/И4.Шығармашылық жұмыс

Сабақтың мақсаттары

А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады;

Бағалау критерийлері

Шығармадан алған әсерін талдайды;

Шығармадан алған әсерін сипаттап ,авторға хат жазады.

Тілдік мақсаттар

Әдеби тіл нормаларын сақтау

Осыған дейін меңгерілген білім

Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Оқушылар назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

 ІІ.Қызығушылықты ояту

  Оқушыларды сабақ мақсатына жетелеу үшін сұрақтар қойылады

  • Қобыланды мен Құртқаның бойындағы қандай қасиеттерді бағалар едіңіз?

Оқушылардың түрлі көзқарастары мен пікірлері сұралады.

Сабақтың ортасы

30 минут

Берілетін тапсырмалар :

1 Жұпта талқылайды.

  • Жырдың тәрбиелік маңызы қандай?
  • Жырдан қандай әсер алдыңыз?

Дескриптор

Сұрақтарға жауап береді

Кестені толтырады

Алған әсерімен бөліседі

2. Жырдан алған әсерін сипаттап жырды шығарушыларға (ата-бабаларымызға) хат жазады.

Хаттың жазылу үлгісі түсіндіріледі.

  • Хат белгілі бір адамға жазылады(адресаты болады)
  • Хаттың жазылу мақсаты жазылады

Соңында хат жазған адамның аты-жөні , күні көрсетіледі

Дескриптор

Жырдан алған әсерін сипаттайды.

Жазылу үлгісін сақтап хат жазады

Сабақты бекіту

5 минут

Ой толғаныс

Ел тәуелсіздігі үшін күрескен батырларды білеміз бе?

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

Мен үшін пайдалы болды , _______________

Мен өз мүмкіндігімді көрсете алмадым , себебі_________________

Ұсыныс_______________

Үй тапсырмасы

Шығармадан қысқаша дәйексөздер жазып келеді

[attachment=27036:obylandy-batyr-4-saba.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы