Туризм: экотуризм. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 1 сабақ. 1 нұсқа.
Мәтінмен жұмыс
Қазақстан экологиялық туризмнен бастап iскерлік туризмге дейін туризмнің барлық түрлерiнің дамуымен елеулi әлеуетке ие. Бұған халқымыздың бай тарихы мен еліміздің аумағында сақталып қалған тарихи ескерткiштер мен археологиялық орындардың жиыны үлкен мүмкiндiк туғызады. Ерекше географиялық жағдайдың арқасында Қазақстаннан адам аяғы баспаған табиғаттың ғажайып бұрыштарын табуға болады. Бұл туристiк инфрақұрылым дамуының, визалық режимнің үнемі жетілдіріліп отыруының және басқа да жағдайлардың негізінде жүзеге асады.
Қазақстанда бүгiнгi күні туризмнің келесi түрлерi жетiліп келеді:
Мәдени-танымдық туризм. Археология, тарих және сәулет ескерткіштерінің көлемі бойынша Қазақстан нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады. Туристер Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалаларға барып, қола дәуіріндегі Тамғалы петроглифтарын немесе әйгілі Маңғыстау қорымдарын көре алады. Қазақстанның заманауи өмірімен Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен және Ақтау қалаларында танысу қолайлырақ болады, себебі туристік инфрақұрылымын кез-келген талғам мен бюджетке қарай қызметтерді ұсынады.
Экологиялық туризм. Іс жүзінде табиғаты бүлінбеген түрде сақталған аумақтың саны мен әр түрлілігі Қазақстанды экологиялық туризм әуесқойлары үшін ерекше қызықтыратын болады. Қазақстан аумағында 12 ұлттық табиғи саябақ пен 10 қорық бар.
Қазақстан өзінің өлшемдері мен географиялық орналасуының арқасында туристер бөлек мемлекеттердің толық қатарында «қамдастыруы» қажет табиғи зоналарға бару мүмкіндігін ұсынады. Ол - ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра тізіміне енген Орталық Қазақстан далалары мен көлдері. Ол - ландшафтар, флора мен фаунаның әр түрлілігі бойынша Альпы ауданымен оңай теңесе алатын шығыс пен оңтүстік-шығыстың тау бөктерлері мен таулары. Ол - Каспий теңізінің жағалауы – әлемдегі ірі тұйық су айдыны. Ол - фототуризмнің ең сыналған әуесқойларын қызықтыра алатын Қазақстанның оңтүстік-батыс құла далалары, ол - елдің солтүстігінде орналасқан Бурабай көлінің айналасындағы ормандар және тағы басқалары.
https://www.kazembassy.ru/kaz/interesnoe_o_kazaxstane/turizm/
1-тапсырма. Мәтінді оқып, құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратып, графикалық органайзерге жаз.
2-тапсырма. Мәтін үзіндісіндегі тыныс белгілерінің қолданысын түсіндіріңіз.
Туристер Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалаларға барып, қола дәуіріндегі Тамғалы петроглифтарын немесе әйгілі Маңғыстау қорымдарын көре алады. Қазақстанның заманауи өмірімен Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен және Ақтау қалаларында танысу қолайлырақ болады, себебі туристік инфраструктура кез-келген талғам мен бюджетке қарай қызметтерді ұсынады.
Дескриптор:
- Мәтінді оқып, құрылымын ажыратады;
- Ресімделуін анықтап жазады;
- Мақсатты аудиториясын тауып жазады;
- Стилі, жанрлық ерекшеліктеріне талдап жазады;
- Тыныс белгілерінің қолданысын талдай алады.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Тыныс белгілерін сауатты қолдана отырып, «Өлкемнің әсем табиғаты» тақырыбында шағын баяндама әзірле.
Дескриптор:
Баяндама мәтінін талапқа сай ресімдейді;
Ойын жүйелі жеткізеді;
Тыныс белгілерін сауатты қолданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?