Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал. 4 сабақ. 2 нұсқа.
Әбіш Кекілбаевтің қанатты сөздері
Қазақстан халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері
Әбіш Кекілбаевтің ел есінде қалған қанатты сөздері
«Жалпы түгел тәуекелге мінбей тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел деген болмайды. Жеріне, суына, тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие Халық деген болады. Тек сондай халық қана есерін түзеп,
еріне медет бола алады. Қорлана бермей, арлана білейік. Намыстың сөзін сөйлейік!»
Әбіш Кекілбаев.
https://bilim-all.kz/figure/245?posts=quotes
Елбасының ел, жер қадірі және бірлігі туралы қанатты сөздері:
• Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс. • Қолымыздан қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, жақсылыққа жетеріміз хақ. • Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да кейінге үлгі. Ал үлгіге қарап, ұрпақ өседі. • Біз бойымыздағы озығымыздан үйреніп, тозығымыздан жирене білсек қана өркениетті мемлекет, еңселі ел боламыз. • Қазақтардың ұлттық статусы, ұлттық бағасы бүгінде нағыз мемлекет қалыптастырушы ұлт статусына лайық. • Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз.• Астана келбеті – ұлт келбеті. • Біз басқа ел болдық, жаңа жұрт болдық! Бұрынғы заман жоқ! Сана жаңаратын уақыт баяғыда туды! https://surak.baribar.kz/391148/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?