Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ:

Мектеп: Астана қаласы ФМБ НЗМ

Күні

Мұғалімнің аты-жөні: Шаймерден Г.Т.

Сынып: 11 T1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі.

Шешендік сөздер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу;

 Сабақтың мақсаттары

Көркемдегіш құралдарды ұтымды пайдаланып, тірек сөздерді қолдана отырып өлең шығару дағдыларын жетілдіру.

 Бағалау критерийлері

Өлеңді құрылымсына қарай талдайды;

Көркемдегіш құралдарды пайдаланады;

Өлең шығарады.

 Құндылықтарды игерту

Жалпыадамзаттық құндылықтар

Тілдік мақсаттар

Жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Шарықтасын,қалықтасын, із қалдырды, нұрландырды, жыр жаздырды, таңғалдырды, тәуелсіздік, егемендік, мақтаныш, т.б.

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақстанның өткені мен келешегі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту кезеңі

Тірек сөздер

Мағынасын ашу

Еркіндігім, өзегімде, боданына, бұғауландық, бәйгеге, құның, боздақтарым, ғұмырымда.

https://www.youtube.com/watch?v=f_gCsgK1nyQ

Сабақтың ортасы

«Сұрақ-жауап» әдісі.

Біз Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңін тыңдадық.

Өлең дегеніміз не?

Оған қандай ерекшеліктер тән?

Өлеңнің басқа әдеби шығармалардан қандай айырмашылығы деп ойлайсыңдар?

Мұғалім өлең туралы қысқаша ақпарат береді. Бір талданған өлең үлгісін көрсетеді.

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.

Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар.

Өлең өлшемі – біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын өрнек.. 

Қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді.

Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды.

Тармақта буын саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді. Қазақ поэзиясында аралас буынды өлең өлшемдері де жиі қолданылады

Өлең ұйқасы – тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтарға сәйкес буындармен үйлесуі. Ұйқас өлеңдегі әр тармақтың жігін айқындап, өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, әуезділігін арттырады. Ұйқас түрлерін ажыратқанда, алдымен, оның сапасы, яғни ұйқасқан сөздердің өзара үйлесімі еске алынады. Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың кезектесу ретіне қарай сан түрлі болып келеді: ең көп кездесетін ұйқастар: егіз ұйқас (аа), шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб), қаусырма ұйқас немесе орама ұйқас (абба). Соңғысы орыс поэзиясында жиі қолданылады, ал қазақ поэзиясында көп кездесетіні – қара өлең ұйқасы деп аталатын ақсақ ұйқас (ааба). Бұл 11 буынды өлең өлшемінде үнемі дерлік қолданылады. Қазақ поэзиясындағы жыр ұйқасы кейде шұбыртпалы ұйқас деп те аталады, ол бір ұйқасты ұзақ сақтап, бірнеше тармақтарды бірыңғай үйлестіруімен ерекшеленеді. Көбінше негізгі ұйқасқа (желілі ұйқас) қосымша, жанама ұйқас ілесіп, қосарланып отырады. Абай қолданған ұйқастың жаңаша түрлері: алты тармақты ұйқас (алты аяқ, аабввб) және “Сегіз аяқтың” ұйқасы (аабввбгг).

  • тапсырма. ЖЖ. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңыз. Жұптар өз өлеңдерін талдайды. Жұптар талдауларымен алмасады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды. Топта екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын талқылайды.

Өлеңге талдау жасау

Тақырыбы

Идеясы

Тармақ

Бунақ

Буын

Ұйқас

  • тапсырма. Жеке жұмыс. Тәуелсіздік тақырыбына берілген тірек сөздерді қолданып, 8 тармақ өлең құрастырыңыз.

Шарықтасын,қалықтасын, із қалдырды, нұрландырды, жыр жаздырды, таңғалдырды, тәуелсіздік, егемендік, мақтаныш, т.б.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%BB%D0%B5%D2%A3

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы:

Тәуелсіздік тақырыбына арналған бір өлеңді алып, құрылымына талдау жасаңыз.

Рефлексия.

Бүгінгі сабақтан түйгендері бойынша ой қорыту

  • Бүгін не білдіңіз?
  • Қандай дағдыларды қолдануға мүмкіндік берілді?
  • Не туралы көбірек білгіңіз келеді?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Әрбір топ бірі-бірінің шешімдеріне әділ баға бере білді. Жоспарлаған уақыт сәйкес келді.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Тірек сөздер

Мағынасын ашу

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.

Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар.

Өлең өлшемі – біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын өрнек.. 

Қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді.

Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды.

Тармақта буын саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді. Қазақ поэзиясында аралас буынды өлең өлшемдері де жиі қолданылады

Өлең ұйқасы – тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтарға сәйкес буындармен үйлесуі. Ұйқас өлеңдегі әр тармақтың жігін айқындап, өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, әуезділігін арттырады. Ұйқас түрлерін ажыратқанда, алдымен, оның сапасы, яғни ұйқасқан сөздердің өзара үйлесімі еске алынады. Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың кезектесу ретіне қарай сан түрлі болып келеді: ең көп кездесетін ұйқастар: егіз ұйқас (аа), шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб), қаусырма ұйқас немесе орама ұйқас (абба). Соңғысы орыс поэзиясында жиі қолданылады, ал қазақ поэзиясында көп кездесетіні – қара өлең ұйқасы деп аталатын ақсақ ұйқас (ааба). Бұл 11 буынды өлең өлшемінде үнемі дерлік қолданылады. Қазақ поэзиясындағы жыр ұйқасы кейде шұбыртпалы ұйқас деп те аталады, ол бір ұйқасты ұзақ сақтап, бірнеше тармақтарды бірыңғай үйлестіруімен ерекшеленеді. Көбінше негізгі ұйқасқа (желілі ұйқас) қосымша, жанама ұйқас ілесіп, қосарланып отырады. Абай қолданған ұйқастың жаңаша түрлері: алты тармақты ұйқас (алты аяқ, аабввб) және “Сегіз аяқтың” ұйқасы (аабввбгг).

  • тапсырма. ЖЖ. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңыз. Жұптар өз өлеңдерін талдайды. Жұптар талдауларымен алмасады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды. Топта екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын талқылайды.

Өлеңге талдау жасау

Тақырыбы

Идеясы

Тармақ

Бунақ

Буын

Ұйқас

  • тапсырма. Жеке жұмыс. Тәуелсіздік тақырыбына берілген тірек сөздерді қолданып, 8 тармақ өлең құрастырыңыз.

Шарықтасын,қалықтасын, із қалдырды, нұрландырды, жыр жаздырды, таңғалдырды, тәуелсіздік, егемендік, мақтаныш, т.б.

Тәуелсіздік Еркіндігім.Қасиеттім.Қастерлім.Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!Кеше сенің келбетіңді арман ғып,Боданына бұғауландық басқа елдің.Бабалардың басын тігіп бәйгеге,Аналардың жанарына жас бердің!Уа, Еркіндік,қош келдің!Өзегімді өртке ораған қоғамда,Өз үйіме өзім өгей болам ба?!Алшаң басып жүре алмаса алты алашАзаттығым! Қадірің де жоқ онда!...Саған жету қиын болса қаншалық,Сақтап тұру қиынырақ одан да!Алла берген азаттықтың әр сәті-Аманат қойМаған,СағанОған да!Саясатқа сермей алмай семсерді,Езгі күнге тері қылдым еңсемді!Желтоқсанда жалын атып жастығым,Құрсау болған темір қоғам теңселді!Есте даңқы қыршындардың қалды ма,Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?Уа, еркіндік,Құның немен өлшеңді!?Уа, еркіндік!Құның немен өлшенді?!Сені көксепБоздақтарым өлсе өлді!Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,Ең шуақты,Ең шырайлы,Ең шерлі!Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

ТӘУЕЛСІЗДІК, ТІРЕГІ СЕН ЕЛІМНІҢ!

Егемендік – ет-жүрегім, ерлігім,Аңсап сені өтті қанша шерлі күн?Бабалардың дұғасы едің кешегіАқиқатқа айналдың-ау сен бүгін.

Мен кешегі желтоқсанды көрмедім,Бірақ бірге боздақтармен мендегі үн.Баға жетпес байлығымсың, бостандық,Жанымнан да бағалысың сен менің.

Тұсауымды желтоқсанда кестім де,Азаттығым, бақыт болдың бес күнде.Жыртық-жамау боп жүрседе киімімКөк туымды жырқызбаспын ешкімге.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу