Әдеби тіл нормалары. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ. 1 нұсқа.
САБАҚ | Мектеп: Қызылорда қ. ХББ НЗМ | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 11Т-1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Бөлім атауы: Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер (8 сағат) Әдеби тіл нормалары | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Оқылым мәтініндегі негізгі ойды табады: Көпшілігі: Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің мәтінін жазады Кейбірі: мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Бағалау дескрипторы: Тақырып бойынша айтылым жасайды; Оқылым мәтіндегі мәліметтерді қолданады; Тірек сөздерді қоланады; Аудиторияны тарту үшін ойын әсерлі, жүйелі, жинақы жеткізеді. | ||||||||||
Құндылықтар | Бір-біріне деген құрмет құндылықтарын, туған елге деген, табиғатқа деген сүйіспеншілік құндылықтарын, сыни тұрғыдан ойлау құндылығын дамыта алады | ||||||||||
АҚТ қолдануы | Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады. Аудио-видио құралдары пайдаланылады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері: Сөз маржаны, шешендік өнер, ұрпақ, ақыл, нақыл, ой салу, құндылық, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, саф алтындай Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің ойымша..... Ережеге сай... Тарихи деректерге сүйенсек... | ||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Қазақстан қорықтары туралы жалпы мәліметтерді біледі. | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||
Сабақтың басы 5 минут 5 минут Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут | Қызығушылықты ояту Мақал -мәтелдер бойынша топқа отырады, мағынасын ашады. 1.Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді (Төле би) 2. Ел бастау қиын емес, қонатын жерден көл табылады.Қол бастау қиын емес,шабатын жерден ел табылады, ең қиыны-шаршы топта сөз бастау. 3.Шешеннің ең ұлы қасиеті- қажет нәрсені айту ғана емес, қажеті жоқ нәрсені айтпау (Әйтеке би) 4..Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар
Оқылымалды тапсырма Сөйлеу мәдениеті деген не? Қазіргі қоғамда сөйлеу мәдениеті маңызды ма? Неліктен? Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер
Шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу – әдептіліктің биік шыңы. Әр адам дұрыс сөйлей білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра білуі тиіс. Қарым-қатынас адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы. Қарым-қатынаста адамдардың жан дүниесі, өмірдегі шын бейнесі көрінеді. Әдеп – сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түріне тоқталсақ. Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі тиіс. Сөйлеу әдебінде мына нәрселер ескерілуі тиіс: 1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану. 2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды. 3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ. 4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек. Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек:Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпаған абзал. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. «Тіл табыса білу – өнер» дейді жапон халқы. Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам мәдениетті болу үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отырауы керек. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлы ханы, өз заманының данышпан дипломаты Абылай хан қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар кезде: “Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдандар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек”, – деген екен. Олай болса, шешендік өнер-тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жете алмаймыз. С. Мәтінде қандай мәселе көтерілген? Мәселенің маңызды тұстарын атаңыздар? Нені ескеруіміз керек? Топтық тапсырма. Айтылым. Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің мәтінін жазады. Тақырып «Біздің жастарымыз қалай сөйлейді? немесе Бүгінгі жастардың тіл жұтаңдығының себептері неде? Тірек сөздер: Батысқа еліктеушілік, елден ерекше көріну, сөз бұрмалау, жаргон,кірме сөздерімен сөйлеуді әдетке айналдыру, сөйлеу мәдениеті , кібіртіктеп, тұтығып әрең жеткізу, жалпы қолданыстағы сөздерге орысша жалғау жалғау, кірме сөздерді шеттен тыс көп пайдалану, қазақша қосымша жалғау, әдеби тіл нормаларын сақтамау, бұзып айты. Әлеуметтік желілердің тілі: ояқ, бұяқ, нестеватсын, норм,спс,ок, тема, деп ше, салам т.б. Бағалау дескрипторы: Тақырып бойынша айтылым жасайды; Оқылым мәтіндегі мәліметтерді қолданады; Тірек сөздерді қоланады; Аудиторияны тарту үшін ойын әсерлі, жүйелі, жинақы жеткізеді. | https://bilim-all.kz/quote/11793 Слайд Кеспе қағаздар usnauka.com/17_PMN_2014/Philologia/7_172179.doc.htm Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер
| |||||||||
Сабақтың соңы 10 минут | Кері байланыс Айтылым жасауда қандай қиындықтар кездесті? Әдеби тілдің нормаларын сақтауда қиындық келтірген тұстар қандай? Жастардың сөйлеу мәдениетіндегі мәселелер қандай? Мәселеге қандай көзқарас білдресіз? | ||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциация Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады Слайд-презентация пайдаланылады | |||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?