Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал.


1-топтық жұмыс.Негізгі оқылым жұмысына дейінгі зерттеу жұмысы.(зерттеп оқыту стратегиясы)

1-топтық жұмыс. Жұмысты орындауға нұсқаулық. Мәтінмен әр оқушы жеке танысады, қажетті деректерді қоршалап кетеді , топпен ақылдасып, мәтіндегі деректерді түртіп шығады.

1)Автор көтеріп отырған мәселені анықтауға түрткі болатын

3 негізгі тірек сөзді қызыл түспен белгілейді;

2)Мәселеге қатысты автор көзқарасы көрініс табатын сөйлемді не азатжолды жасыл түспен белгілейді;

3)Автор көзқарасына дәлел болатын 3 аргументті сары түспен белгілейді;

4)Мәселенің туындау себебін анықтауға түрткі болатын 3 қосымша тірек сөзді сарғыш түспен белгілейді;

Мұғалім топ жанына барып, бірінші жұмысты бір оқушыынң қорытындылауын сұрайды. Басқа оқушылар 2-жұмысты жасап жатады.

Дескрипторлар:

1)Автор көтеріп отырған мәселені анықтауға түрткі болатын

3 негізгі тірек сөзді анықтайды;

2)Мәселеге қатысты автор көзқарасы көрініс табатын сөйлемді не азатжолды табады;

3)Автор көзқарасына дәлел болатын 3 аргументті анықтайды;

4)Мәселенің туындау себебін анықтауға түрткі болатын 3 қосымша тірек сөзді табады.

Бағалау түрі: өзін-өзі бағалау.

Бағалау парағы

Нені орындау оңай болды?

Нені орындау қиын болды?

Сәтті шыққан жұмыс, дәлел

2-топтық жұмыс. Негізгі оқылым жұмысы. Оқушылар «Мәселелерді зерттеу ағашы» әдісі бойынша жұмыс жасайды.

Оқушылар жұмыстарын қорғайды.Бірін-бірі бағалайды.

Дескрипторлар:

Автор көтеріп отырған мәселені 1жай сөйлеммен жеткізеді;

Оған қатысты автор көзқарасын табады, сілтеме жасайды;

Автор көзқарасына дәлел бола алатын 3 аргумет келтіреді;

Автордың көздеген аудиториясын ұсынады;

Мәселенің 2 шешу жолын ұсынуда 2 мақал-мәтелді орынды қолданады;

Мәселеге қатысты өз көзқарасын 1 құрмалас сөйлеммен жеткізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу