Мұнай және қоршаған орта. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ. 1 нұсқа.
Сабақ жоспары
2. Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер. Айтыс. | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Мұнай және қоршаған орта | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу | ||||||
Сабақтың мақсаты | Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу | ||||||
Бағалау критерийлері | Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады, шығармашылық жұмыс (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) жаза алады. | ||||||
Дескрипторлар | Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды анықтайды; Әңгіме немесе шығарма жазады; Жазылымда көркемдеуіш құралдарды қолданады; | ||||||
Тілдік дағдылар | Экология, өнеркәсіп, өнім, мұнай өндірісі, кен орындары орындары. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Экология, экономика, география. | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, экология бойынша білімдерін толықтырады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | |||||
Сабақтың басы 7 минут | Жазылым алдындағы тапсырма Т.Ж. Оқушыларға жазылым тапсырмасын орындатпастан бұрын алдымен тақырыпқа қатысты шағын мәтінмен танысу ұсынылады.
Мұнай өнеркәсібі және қоршаған орта Мұнай улы зат болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді. Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға ұшырауда. Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды. Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сақтау технологиясын қолданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды. Мұнайды бұрғылау орындарын су басып кетпеу үшін арнайы дамбалар тұрғызылуы керек. Мұнай және газды өндіретін және өңдейтін аудандарға жақын орналасқан елді мекендердегі адамдарды басқа жаққа, яғни қолайлы жерлерге кешіреді. Сонымен, Қазақстандағы ірі салааралық кешендердің біріне отын-энергетикасы жатады. Оның ішінде мұнай өнеркәсібі жетекші рөлді атқарады. Газ өнеркәсібі де жылдам дамуда. Бұл салаларды дамытуда табиғи ресурстарды тиімді пайдалана және қоршаған ортаны қорғай отырып игеру қажет. Фактілер Қаражамбастың мұнайы өте ауыр, құрамында темір көп. Ал Ембі мұнайы керісінше жеңіл, майлы болып келеді, көбінесе зымырандардың отыны және майлағыш май ретінде қолданылады. Өзен мен Жетібай мұнайының құрамында парафин көп. Ол бөлме температурасында қатады. Сондықтан оны тасымалдауда арнайы жылытып тұратын құбыр орнатылған. Оны күкірттісутектен және күкірттен айырады. Қарашығанақ пен Жаңажолдағы табиғи газдан күкіртті Мәтіндерде сутекті алғанда конденсат бағалы химиялық шикізат алынады. | Слайд | |||||
Сабақтың ортасы 15 минут 8 минут 5 минут | Жазылым тапсырмасы Ж. Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын әңгіме немесе шығарма жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында оқылым мәтініндегі экологиялық мәселелерге қатысты ақпараттарды қолданыңыз. Сонымен қатар жазу барысында көркемдеуіш құралдарды сұрыптап, ұтымды қолданыңыз. 1. «Мұнай өнімдерінің табиғатқа әсері» 2. «Табиғат тазалығы - ұлт денсаулығының кепілі» Жазылымнан кейінгі тапсырма. 1-тапсырма Ж. Жазылым жұмысыңызды қайта бір оқып шығып, қатесіз жазылғанына және көркемдуіш құралдардың орынды қолданылғанына көз жеткізіңіздер. 2-тапсырма Ж.Ж. Жазбаңызды топта оқу арқылы бөлісіңіз. | ||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай стратегия арқылы оқушылардың ойын тыңдайды. «Дауыстап айтылатын ой» стратегиясы арқылы оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын ортаға салады. | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?