Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Пән: қазақ тілі 1 -сабақ

Мектеп:

Күні:

Сынып: Қатысқандар саны:

Уақыты: 40 минут Қатыспағандар саны:

Бөлім/ Сабақ тақырыбы:

Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер.

Пунктуация

оқу мақсаты

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;

Сабақ мақсаты:

Мәтін үзінділерін қолдана отырып, алдыңғы ойға болжам жасау. Өз білімі арқылы толықтыру.

Бағалау критерийлері:

  • Мәтін үзіндісіндегі ойды дамытады
  • Алдыңғы ойға болжам жасайды
  • Өзіндік пікірін білдіріп, қорытындылайды
  • Тақырыпқа сай өз білімін қолданады

Құндылықтарды дарыту

- құрмет; ынтымақтастық; жауапкершілік, ішкі және сыртқы мәдениет

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: саясат, экономикалық интеграция, даму үрдісі,жаһандану, өзекті мәселе

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша..., өз көзқарасымда ... , менің байқауымша...

Пәнаралық байланыстар:

Тарих, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Өткен тақырыптарға шолу

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1.Оқушыларды қарсы алу, сөздер арқылы топтастыру, мәнін ашу, түсінік беру.

1-топ: интеграция

2-топ: экономика

3-топ: даму

4-топ: капитал

5-топ: ықпалдастық

6-топ: кеден одағы

Әрбір топ өз сөздеріне анықтама, түсінік береді.

  • Бұл сөздер бізді қандай тақырыпқа жетелеуі мүмкін? (оқушылар бөлім тақырыбына болжам жасайды) сұрақты талқылай отырып, бөлім тақырыбын анықтау Сабақ мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу

Cлайд

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

10 минут

5 минут

5 минут

3 минут

Тыңдалым алдындағы тапсырма.

Мұғалім оқушылардан ЕЭО туралы не білетіндерін сұрайды

- Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО деген не?

- Оған қай елдер кіреді?

- Бұл ұйымның негізгі мақсаты не деп ойлайсыңдар?

. Сыныпта шағын талқылау ұйымдастырады. ЕЭО туралы түсінік береді.

(Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО — Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енді.

Мүшелері:

  • Беларусь
  • Қазақстан
  • Ресей
  • Армения
  • Қырғызстан )

Тыңдалым алдында оқушыларға тыңдалым мәтінінен үзінді тыңдатып, болжам жасатуға болады. Оқушылар үзіндіні тыңдап мәтіннің не туралы өрбуі мүмкін екендігі туралы болжам жасайды.

Оқушыларға тыңдалым сұрақтары мәтінді тыңдамас бұрын ұсынылады. Оқушылар сұрақтарға болжаммен жауап береді.

  • Мәтін қандай ақпараттан басталды?
  • Мәтіндегі ақпарат қандай мәселені өрбітуі мүмкін?
  • Қазақстан үшін бұл қаншалықты тиімді болмақ?
  • Неге автор Қазақстандық өнімдердің бәсекелестікке қабілетті бола бастауының кепілі дейді?

Тыңдалым/айтылым тапсырмасы.

Оқушылар «Жаһандық саясат. Экономикалық интеграция» тақырыбындағы бейнехабарды тыңдайды.

Топтық тапсырма. «Мен қоятын үш сауал»

Бейнесюжетті пайдаланып топта бір жабық, екі ашық сұрақ құрастыру

Топтық тапсырма

Әрбір топ «Карусель» әдісі арқылы сұрақ парақшаларын алмастырып беріп, сұрақтарға жауап жазады.

Бағалау: «Аялдама» әдісі арқылы жүзеге асады

Топтар жауаптарын өз тобының үстелінде қалдырып, барлық қалған басқа топтарды аралап, жауаптарды бағалайды. Кеілскен жағдайда «+», келіспеген жағдайда «-«, жауап түсініксіз болса «?» белгілерін қояды. Кейін әр топ өз жауаптарын қойылған белгілер бойынша талқылайды.

Топтық бағалау: «Бізге ұнаған жауаптар»

https://www.youtube.com/watch?v=723eN2Lqiio

https://www.youtube.com/watch?v=S7WWauZzmuY

Сабақтың соңы:

2 мин

Кері байланыс:

3-2-1 арқылы сабақтағы жұмыстарын бағалау

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

1-топ:

интеграция

1-топ:

интеграция

1-топ:

интеграция

1-топ:

интеграция

2-топ:

экономика

2-топ:

экономика

2-топ:

экономика

2-топ:

экономика

3-топ: даму

3-топ: даму

3-топ: даму

3-топ: даму

4-топ:

капитал

4-топ:

капитал

4-топ:

капитал

4-топ:

капитал

5-топ:

ықпалдастық

5-топ:

ықпалдастық

5-топ:

ықпалдастық

5-топ:

ықпалдастық

6-топ: кеден одағы

6-топ: кеден одағы

6-топ: кеден одағы

6-топ: кеден одағы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу