Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 1-2 сабақ.


Ұзақмерзімдіжоспардыңбөлімі:

8-тарау: Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер

1-2 сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Сабақтың тақырыбы

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты

Бағалау критерийлері

10.Т/А1. Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру

- Мәтіннің мақсаты мен идеясын түсінеді;

- Мәселенің салдары мен себептеріне қатысты болжам жасайды;

- Тақырыпты өз білімімен толықтырып, пікір білдіреді;

10.Т/А3. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау.

- Мәтіндегі мәселенің әлемдік маңызына баға береді;

- Астарлы ойды анықтап, түсіндіре алады;

Құндылықтарды дарыту (қалай жүзеге асады)

Ынтымақтастық

Бірін-бірі құрметтеу

Жаһандық мәселелерге үн қосу, немқұрайлы қарамау

Пәнаралық байланыс

Тарих, құқық, география

АКТ қолдану

Ғаламтор арқылы қажеті ақпарат жинақтап, мультимедиялық құралдар

Өткен сабақтағы білімдері

Геосаяси мәселелер туралы әртүрлі пәндерден алынған білімдері

Жоспарланған сабақ кезеңдері және уақыты

Сабақтағы іс-әрекет жоспары

Қолданылатын ресурстар, жабдықтар

Сабақтың басы

10

Қызығушылықты ояту.

Құрметті оқушылар, берілген суретке қарап қандай ой түюге болады? Әлемдік саясаттың қандай белгілерін байқауға болады? (Оқушылардың жауаптары алынып, саясат тақырыбына зейін шоғырланады, саясатқа қатысты ой жинақталады)

Қалай ойлайсыңдар әлемдік саясат деген ұғымға қатысты қандай мысалды келтіруге болар еді? (Оқушы жауабы мұғалім тарапынан толықтырылып, нақтыланады: оқушы деңгейіне қатысты саралау сұрақтарын қояды)

Оқушылармен бірге сабақ мақсатын қою, БК таныстыру, ОМ таныстыру

Сабақтың ортасы

10+20

1-ТАПСЫРМА (топтық)

 1-қадам. 1-5 әдісі арқылы топқа бөлінеді

 2-қадам. Бейнебаянды көріп төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

 

 «Өз сөзім». АҚШ президенті мен Солтүстік Корея лидерінің кездесуі өте ме?

 Источник: http://kaztrk.kz/ru/projects/aptakz

 

 

  • Бейнебаянның мақсаты не?
  • Бейнебаяндағы аталған елдердің саяси картадағы орналасуын көрсетіңіз?
  • Бейнебаянның мазмұнына қарай анықтамалық сұрақ (әр топ) дайындап, жауап алыңыз

 

 3-қадам.

 Мәселеге қатысты аталған елдер арасындағы қарым-қатынас қалай өрбуі мүмкін? деген сұраққа SWOT кестесі арқылы жауап беріңіз:

 1-топ: Күшті жақтары

 2-топ: Әлсіз жақтары

 3-топ: Туындайтын қауіп

 4-топ: Болжам

 5-топ: Сарапшы-бағалаушы топ. Негізінен критерийге қатысты анықтамалық қосымша сұрақтарды қояды, мұғалім қолдау жасайды (сараптамалақ тапсырма)

25

2-ТАПСЫРМА (топтық: топ қайта топтастырылады)

1-қадам:

Тірек сөздер сәйкестігі арқылы топтастыру:

1-топ: саяси тұрақтылық кепілі

2-топ: атамдық қарудан бас тарту

3-топ: келісімге келу – басты шарт

4-топ: біз үшін ең бастысы...

2-қадам:

https://www.youtube.com/watch?v=t52vffQQqys

Әр топқа берілген тірек сөздерді негізге ала отырып (басты идея ретінде), бейнебаяндағы мәселеге баға беріңіз және таныстырылымда идеяны ашатын 1 метафора ойластырыңыз

1-оқушы: тиімділі

2-оқушы: салдары

3-оқушы: Қазақстан үшін маңызы

4-оқушы: Әлем үшін маңызы

5-оқушы: Пайым (жоғарыдағы аргументтер осы пайымға қызмет етуі тиіс)

3-қадам:

Критерий негізінде жауап берген топты 2/1 әдісі арқылы бағалау

10

3-ТАПСЫРМА (жеке)

 Жалпы сабақта айтылған мәселелерді саралай келе мен бұның барлығын .......... теңер едім, себебі ..........

Деген тіркесте ойын білдіріп пайым жасау.

Сабақтың соңы

Кері байланыс (сабақты қортындылау):

Мұғалімнің жалпы сабаққа пікірі, бағасы

Үйге тапсырма: Сөз және сөйлем түрлерін қайталау, қызметіне ойлану

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем»

Мен ....................................................................білдім

Мен....................................................................үйрендім

Маған..................................................................ұнады.

Маған...............................................қиындық туғызды

Менің көңіл-күйім...........................................................

Саралауды қалай жоспарладыңыз? Дарынды және қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

 Оқушылардың материалды игеру деңгейін бағалауды қалай жоспарлайсыз?

 Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылар шығармашылық жұмысқа еркін кіріседі. Кейбір оқушыларға мұғалім көмектеседі.

Оқылым бойынша бағалау парақшасына әр оқушының жауабын тіркедімтоп ішіндегі және сынып алдындағы жауаптарын бақылап, қажетінше түзету енгіздім, толықтырдым

Мұғалімнің рефлексиясы

СабақмақсатыменОМқолжетімдіболдымА?

ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткізеалдыма?

Егер қол жеткізе алмаса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау қаншалықты тиімді жүзеге асты?

Сабақтың кезеңдеріндегі уақыт мөлшері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болды ма және неліктен?

Сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз

Жалпы баға

Сабағыңыздың сәтті өткенекіаспектісінжазыңыз: (оқужәнеоқытужайындаойланыңыз)?

1:

2:

Сабағыңызды қалай жетілдіруге болар еді: (оқу және оқыту жайында ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелей оқушылардың жетістіктері мен қиыншылықтары туралы не білдім, келесі сабақта қандай нәрсеге көңіл бөлу керек?

SWOT кестесі

S

W

O

T



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу