Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөздер. Публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп: НЗМ Астана қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Уристимова Б.К.

Сынып: 10 (Т1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік.

Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөздер. Публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін ажырата алады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін талдай алады.

 Бағалау критерийі

  • Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөздерді қолдана алады.
  • Публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктерін сақтайды.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер:

Даму бағдарламасы, кедейліктің құрсауы, көрсеткіш,дерегіне сүйенсек,

бас қатырған

Пәнаралық байланыс

тарих, география

Сабақта қамтылатын құндылықтар

ұлтжандылық, елжандылық тәрбие, ынтымақтастық, бір-біріне құрмет көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Интерактивті тақтамен жұмыс

Алдыңғы оқу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

5 минут

3 минут

3 минут

15 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту

« Байлық-тектілікті, үлкен мәдениетті қажет етеді. Ақтанберді бабамыз «Қайырлы болса баяжан, айдын шалқар көлмен тең, қайырсыз болса жаман бай, тартылып қалған шөлмен тең» -деген екен. Осы сөздердің мәніне қарасақ, үлкен ой жатыр. Сіз қалай ойлайсыз?

Оқылым тапсырмасы.

1-тапсырма. Төмендегі мәтін үзінділерін оқы. Мәтіндердің стилін анықтаңыз.

1-мәтін

Әділетсіз теңдік және әділ теңсіздік

Қазіргі кезде АҚШ-та және басқа елдерде бұл екі ұғым араласып кеткен. Өмірде теңсіздік көп болғандықтан бiз автоматты түрде бұл әділетсіздік деп ойлаймыз. Сол себепті мәселені адамдардың табыстары әртүрлі болуына әкеп тірейміз. Ал шын мәнінде мәселе әділетсіздікте.

Зерттеуге қатысушы ғалым Марк Шескин мәселенің мәнін былай түсіндіреді: адамдар әділетсіз теңдікке қарағанда, әділ теңсіздікті дұрыс көреді.

Неліктен бұл маңызды? Себебі, материалдық тұрғыдан тең қоғам құрамыз дегенде біз адамдардың әділдік туралы ойларына қарсы шығамыз. Бұл қоғамда тұрақсыздық тудыруы мүмкін.

Кедейлік және кедейлер жоқ мемлекет утопия боп саналады. Ал егер қоғамда әділеті жоқ теңдік орнаса, ол күйреуге апарады, деп санайды Стэнфорд университетінің профессоры Николас Блум.

«Адамда мотивация болмаса, ода жұмысқа, бiр нәрсеге қол жеткізуге, жаңалық ойлап табуға деген құлшыныс болмайтыны анық. Мейлі, мен суретші, стамотолог немесе құрылысшы болайын, егер маған ақша өздігінен, ешқандай жұмыс жасамай-ақ келiп тұрса, не үшін мен аптасына 50 сағат жұмыс істеуім керек?».

«Өзімнiң басшылық тәжірибемнiң арқасында түсінгенiм, көпшілік жалқау адамға сыйақы беру дұрыс емес деп санайды. Егер көп қызметшici бар ұйымды басқаратын болсаңыз, сыйақының жалқаулар мен еңбекқорларға теңдей бөлінгенi көп адамды ашуландыратынын түсінесіз.

2-мәтін

Неге адамдар кедей болады? Неге мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдар таңертең ерте тұрып, жұмысқа барады, күні бойы терлеп жұмыс істейді, бірақ сол күйі кедей болып қала береді? Мүмкін осы сұрақтың жауабы бай мен кедейдің арасындағы айырмашылықтарда шығар... Байлар ақша мен уақытты үнемдейді. Кедейлер тапқанының барлығын жұмсайды. Ал байлар жинайды. Кедейлер шай-пұл беруге мәрт болса, байлар бұған келгенде ұстамдырақ. Кедей белгіленген бағаға сатып алады, ал байлар кез келген жерде жеңілдік талап етеді. Байларда ешқашан артық ақша болмайды, ал кедейлерде ол әрқашан бар. Бай өзіне  күтпеген жерден бір нәрсе сатып алуға ерік бере алмайды. Ауқаттылардың басты ережесі «біз арзан зат сатып алатындай, сонша бай емеспіз». Бай ақшамен өмір сүреді, ал кедей өзін арабтың шейхіндей көрсетеді. Кедей қолынан келгенін істеп ақша табады, бай барлық нәрседен ақша табудың жолын іздейді. Кедей кедейге көмектессе, бай байға көмектеседі. Бай табыс әкелетін жерге ақша салса, кедей шығындалатын жерге ақша салады. Байға бір теңге берсең,  миллион табады, кедейге миллион берсең, құртады. Бай өзінің шығындарына есеп береді, ал кедей өз ақшасының қайда кеткенін білмейді. Кедей ақша жайлы сөйлеп,ойланса, бай ол жайлы үндемейді. Кедейге ақша – өмірдің мақсаты болса, бай адам үшін – мүмкіндік. Байлар ақшаны билесе, ақша кедейлерді билейді. Кедей кредитпен өмір сүреді. Бай нақты іспен және сандармен ойланады. Кедей әрқашан қажетсінеді. Кедей барлық нәрседен кедей. Кедейге байлық берсең, оның әлсіз жерлерінің барлығы байқалады. Бай адам бәрінен айырылса да, өзгермейді. Кедей байды жақтырмайды, бай болса, кедейге назар аудармайды. Бай кедейге құлақ салса, кедей байды естімейді де. Кедейде өзінен басқасының барлығы кінәлі болса, бай кінәні өзінен іздейді. Кез келген кедейде бай жасырылған. Кедейді байдан асығыстық пен сабырсыздық ажыратады. Байдың бәрі нағыз бай емес. Дайындаған: Ерғали Елдос Оқылымнан кейінгі тапсырма.

3-тапсырма. Кестеде берілген ақпаратты оқыңыз. Мәтінді кесте бойынша талдаңыз.

Екі мәтіннің айырмашылығы

A Мәтіні

В Мәтіні

Түрі

Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)

Мақсаты

Мазмұны

Стилі

Тілі

Мәтіндік деңгейде

Мәтін неше азатжолдан тұрады?

Мәтіндік құрылымы қандай? (Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім)

Мәтіннің абзацтары қалай байланысқан? (Сілтеу есімдіктері, қыстырма сөздер, т.б.)

Синтаксистік (сөйлемдік қолданыс) деңгейінде

Мәтін сөйлемдері айтылу мақсаты мен құрылысына қарай қандай сөйлем түрлеріне жатады? Қандай ойды жеткізуді көздеген?

Бірыңғай мүшелі сөйлемдер қолданыс тапқан ба?

Мәтінде дәйексөздер қолданылған ба, оның негізгі идеяны ашудағы әсері қандай?

Сөз қолданыс деңгейінде

(негізгі тірек сөз, тура және ауыспалы мағынадағы сөздер, синонимдік қатар, антоним сөздер, кәсіби сөздер, көркем сөз қолданыстары: эпитет, теңеу, метафора, оқшау сөздер,т.б. )

Шығармада қолданылған сөздер не үшін қолданылған? Талдау барысында үнемі «Автор НЕ ҮШІН осы сөзді қолданған?» «НЕГЕ мұндай тәсілді қолданған?», «Ол автордың қандай ойын жеткізуге қызмет еткен?» деген сұрақтар қоя отырып, оған жауап беру керек.

Дескриптор:

  • Берілген сұраққа жауап беріп, дәлелдеді.
  • Мәтінді оқып. Стилін анықтайды.
  • Екі мәтінді салыстырып, кестені толтырады

Бағалау

Дескриптор арқылы жұпта, топта бағалайды.

Таныстырылым

Таныстырылым

http://engime.org/stile--sojleushini-jazushini-belgili-bir-tairipa-atisti-soz-sa.html

https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/9239/

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс

Мен ............................................... білдім.

Мен .................................................үйрендім.

Маған..............................................ұнады.

Маған..............................................қиындық туғызды.

Менің көңіл-күйім............................... .

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сұрақтардың қарапайымнан күрделіге қарай құрылуы, оқушылардың жауабының да әр түрлі болуын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың өлең талдауы бойынша құндылықтарды анықтағандарынан аңғарамын.

Оқушылардың Елжандылық, Туған жерге деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Тест сұрақтары

  • Жазба тілдің стильдік тармақтарын көрсетіңіз.
  • А)Ауызекі сөйлеу стильі В) Ғылыми стиль, сөз мәдениеті
  • С) жүйелі сөйлеу мәдениеті Д) Көркем әдебиет стилі
  • Е) мақала, баяндама
  • 2. Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігін табыңыз.
  • А)үндемей тыңдау В) қарапайым сөздерді қолдану
  • С) тіл тазалығын сақтау Д) қыстырма сөздерді қолдану
  • Е) диалогке құрылмайды
  • 3. Тілдесу үстіндегі қойылатын талаптар қалай аталады?
  • А)коммуникативтік талап В) грамматикалық талап
  • С) лексикалық талап Д) мәнерлеп сөйлеу талабы
  • Е) ғылыми стиль тұрғыда
  • 4. Стильдің қанша түрі бар?
  • А) 4 В)5 С) 6 Д) 3 Е) 2

5. Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқытып қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді. Мәтін қай стиль үлгісінде жазылған?

  • А)Ғылыми стиль В) ресми стиль
  • С) Көркем әдебиет стилі Д) мақала, баяндама
  • Е) ауызекі сөйлеу стилі
  • 6. Стилистика қай тілдің сөзі?
  • А)Араб В)Латын С)Орыс Д)грек Е)француз
  • 7. Бірін-бірі бетпе бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысуы, түсінісуінде қай стиль қолданылады?
  • А)Ғылыми стиль В) Көркем әдебиет стилі
  • С) Жазба тіл Д) ауызекі сөйлеу стилі Е) мақала, баяндама
  • 8. “Ақуыз синтезі” қай стильге жатады?
  • А)Ғылыми стиль В) ауызекі сөйлеу стилі
  • С) Көркем әдебиет стилі Д) публицистикалық стиль
  • Е) ресми стиль

9. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы Қиыннан қиыстырар ер данасы....... Өлең қай стильде жазылған?

  • А) Әдеби стиль В) Көркем әдебиет стилі
  • С) Ғылыми стилі Д) ауызекі сөйлеу стилі Е) іс-қағаздар стилі
  • 10. Құрмалас сөйлем дегеніміз кем дегенде екі жай сөйлемнен тұрып, күрделі ойды білдіреді..... Мәтін қай стиль түріне жатады?
  • А) ресми стиль В) ауызекі сөйлеу стилі
  • С) әдеби стиль Д) Ғылыми стиль
  • Е) публицистикалық стиль
  • 11. “Хаттама, мінездеме, хабарлама” стильдің қай түріне жатады?
  • А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
  • С) ресми стиль Д) әдеби стиль
  • Е) ауызекі сөйлеу стилі
  • 12. Ресми іс-қағаздар түрін көрсетіңіз.
  • А) мақала В) роман С) кейіптеу Д)өтініш Е) шығарма
  • 13. Газет журналдар тілі қай стильге жатады?
  • А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
  • С) ресми стиль Д) әдеби стиль
  • Е) ауызекі сөйлеу стилі

14. Өмірбаян, кепілхат қай стиль түріне жатады? А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль С) ресми іс-қағаздар стилі Д) әдеби стиль Е) ауызекі сөйлеу стилі

  • 15. Экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер, неологизмдер, сұраулы, лепті сөйлемдер қандай стильдің сипатына сай келеді?
  • А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
  • С) ресми стиль Д) Көркем әдебиет стилі
  • Е) ауызекі сөйлеу стилі
  • 16. “Айтпақшы”, “тәйірі”, “ұят-ай” сияқты сөздер қолданылатын стиль түрін анықтаңыз.
  • А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
  • С) ресми стиль Д) әдеби стиль
  • Е) ауызекі сөйлеу стилі
  • 17. Сөйлем соңынан қойылатын тыныс белгіні табыңыз.
  • А) сызықша В)сұрау, леп белгісі С)үтір Д)жақша Е) Қос нүкте

http://engime.org/stile--sojleushini-jazushini-belgili-bir-tairipa-atisti-soz-sa.html

презентация

https://ppt-online.org/375617

https://ppt-online.org/375617



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу