Білім. Ғылым. Инновация. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Пән: Қазақ тілі

Лексика-грамматикалық бөлім: Білім. Ғылым. Инновация

Мектеп: ФМБ НЗМ, Астана қаласы

Мерзімі: 3-тоқсан

Оқытушы аты-жөні: Маинова И.С.

СЫНЫП:10Т1 (қоғамд.-гуман.бағыт)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Грамматикалық материал:

Сөз дәлдігі

 Сабақтың мақсаты:

Т/А1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау.

 Бағалау критерийлері

Тыңдалған ақпаратты ғылыммен байланыстыра пікір айтады.

Тыңдалған ақпараттан ғаламдық мәселелерді анықтайды.

Сұрақтарға жауап жазып, астарлы ойды анықтайды.

 Құндылықтар

Терең көзқарастарды сіңіру

 Пәнаралық байланыс

Биология, химия

Алдыңғы сабақта

Бөлімнің бірінші сабағы

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған қадамдар

Дерек көздері

Сабақтың басы

Мұғалім төмендегі 6 суретті түрлі түсті принтерден шығарып, олардың әрбірін стикердің артына жапсырып қояды.

Қызығушылықты ояту. Суреттер арқылы болжау.

1. Оқушылар сыныпқа кірісімен бір-бір стикерден алып, әр стикердің артында жапсырулы тұрған суреттердің ұқсастығымен топ құрап отырады.

2. Суреттегі мәліметтер бойынша ассоциативті ойларын әр оқушы сөз, сөз тіркестерімен өз стикерлеріне жазады.

3. Стикерлерді ептілікпен бір-біріне жапсырып, топ ішінде өзара сөздік қормен бөліседі.

4. Мұғалім топтардың жұмысын сынып ішін аралап жүріп бақылайды да, оқушылардан бөлімге атау ұсынуын айтады. Оқушыларды қажет болса толықтыра отырып, жаңа бөлімді таныстырады.

5. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийі таныстырылады.

Сабақтың ортасы

Тыңдалым алды тапсырмасы.

6. Сұрақтарға болжамды жауаптар ұсыну. С

  • ХХ ғасырдың әлемді дүр сілкіндірген жаңалығы, 1998 жылы 12 қаңтарда Еуропа Кеңесінің 24 елі қол қойған қосымша протокол туралы, не білеміз? Ол 2001 жылы 5 ел қатысуымен күшіне енді.
  • Грек тілінде «өскін», «ұрпақ» деген сөздер ғылымдағы қандай жаңалықтың мағынасын ашады деп ойлайсыздар?
  • Атақты Франкенштейн шығармасы не туралы?

7. Әр топ сұрақтар бойынша өз жауаптарын ұсынады.

Тыңдалым тапсырмасы.

Ұйымдастыру: мұғалім оқушыларды екі топқа бөледі де, екі топқа кезекпен сыртқа шығып, кабинеттен сәл алысырақ тұруын ескертеді.

8. Бірінші топ бейнебаянның тек дауысын тыңдайды. Т

9. Екінші топ бейнебаянды дыбыссыз режимде мазмұнын қарап шығады. Т

10. Әр топтан екі оқушы жұптасып отырады да, бейнебаянда қамтылған 4 ақпарат,

2 проблеманы анықтайды, оларға дәлелді жауаптар ұсынады. ЖЖ.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

11. Төмендегі әр сұраққа тыңдалым мәтініндегі ақпарат/деректерді қолдана отырып, жауап жазу. Ж.

1. Клондау ғылыми жаңалығының діни көзқараспен неліктен сәйкес келмейтінін

2 сөйлеммен жазыңыз.

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

2. Қалай ойлайсыз, клондау қылмыспен тең болуы мүмкін? Сіз ғылыми жаңалыққа қойылатын бұл үкіммен келісесіз бе?

Менің ойымша, _______________________________________________________________,

себебі _______________________________________________________________________.

Оған мысал/факт _____________________________________________________________.

Қорыта айтқанда, _____________________________________________________________.

3. Клондау, сіздің ойыңызша, ғылыми фантастика ма? Ғылымдағы бұл фантастика алдағы 25-50 жылда қайта жүзеге асуы мүмкін бе? Иә/Жоқ.

Біріншіден, ___________________________________________________________________.

Екіншіден, ___________________________________________________________________.

Дескриптор:

1. 4 ақпарат пен 2 проблеманы дәлелді түрде ұсынады.

2. Клондауға діни көзқарастың қайшы келу себебін жазады.

3. ПОПС формуласы бойынша 4 сөйлемді толық ашып жазады.

4. Клондаудың ғылыми фантастикаға қатысын 2 пікірін дәледі түрде ұсынады.

Парасат майданы хабарынан үзінді «Ғылым мен мораль» тақырыбы

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Оқушылар стикерге шырша суретін салып, оның әр бұтағына сабақта орындаған әрекеттерін жазып шығады.

Үйге тапсырма:

Қосымша ақпарат

Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Нәтиже бойынша ажырату, себебі: кейбір топтардың басқаларға қарағанда мәтін жайлы ақпараты аз болуы мүмкін.

Оқытушы әрбір «эксперттің» өзд мәтіндерінің не туралы екенн білетіндігін тексереді, себебі: олар жаңа топқа ол туралы баяндайды және түсінбей жатса түсіндіреді.

Меңгеруді бақылау.

Сұрақ және жауап.

Өзара кері байланыс.

Әлемдегі отбасы құрылымдары туралы ақпарат үшін география.

Сынып топтар үшін дайындалған.

Топтарда жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)

Сұрақтарға жауап беру үшін кезектер алу және жаңа топтарға баяндау үшін жазбалар жазу арқылы басқаларды тыңдау.

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу