Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам өмірін сақтау.

Тілдік жүйе және норма

Сөз тазалығы. Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктері

Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма

(1-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу;

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

 Сабақтың мақсаты

Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу;

Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

 Бағалау критерийі

  • ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін біледі;
  • тілдік құралдарды орынды қолданады;
  • нұсқаулық жаза алады;
  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Осы тақырып аясында оқушылар тіл мен сөйлеу әрекеттері түрлері туралы білімін кеңейтеді, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Ынтымақтастық, өзіне және өзгелерге құрмет, жауапкершілік құндылықтарын дамыту топтық жұмыстар барысында іс-жүзіне асырылады.

Пәнаралық байланыс

География, табиғаттану, стилистика

Бастапқы білім

Оқушылардың төменгі сыныптан әдеби тілдің стильдері туралы түсінігі бар, ғылыми стильдің ерекшеліктерін біледі.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.

Ой шақыру

                                                                                          

Оқушылар берілген тұжырым туралы өз ойларын ортаға салады.

Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды, сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

слайд

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

5 минут

10 минут

5 минут

Жазылым алдындағы тапсырма

Оқушылар ғылыми стиль мен ғылыми-көпшілік стилінің ұқсастығы мен айырмашылығын топ ішінде Венн диаграммасы арқылы саралайды.

Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылайды, ғылыми-көпшілік стилі туралы мәлімет береді.

Ұқсастығы:

- функционалды стиль түрі;

- тақырыптық ерекшелігі.

Айырмашылығы:

ғылыми стиль

ғылыми-көпшілік стиль

- толық дәлел қажет;

- тақырып аясы кең;

- ақпаратты жеткізудің негізгі тілдік бірлігі – терминдер;

- кестелер, графиктер;

- қатаң дәлелдеуді қажет етпейді;

- көпшілікті қызықтыратын тақырыптар;

- жалпы қолданыстағы терминдер;

- сөз жатықтығы, сөз байлығы;

- ойды байланыстырушы сөздердің кездесуі: демек, сондықтан, осыған орай, әсіресе, сонымен,

сонымен бірге, ең алдымен, т.б.

Жазылым тапсырмасы.

Сұрақ-жауап.

  • Нұсқаулық не үшін қажет?
  • Ол қалай жазылады?

Мұғалім оқушыларды тыңдап, кейін жауаптарын толықтырады.

Нұсқаулық (Инструкция; лат. instructio — құру, ереже) - әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы.

Мысалы:

Нұсқаулық:

1. Кішкентай ғана олқылықтың арты, үлкен мәселе тудыруы мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Мәселен, қарапайым бөлменің жарығын айтайын. Ерініп өшірмей кетіп жатамыз. Енді, ойланып қараңыз, сіздің бір шамды өшірмеуіңізден басқа бір жердегі шамдар күйіп жатады немесе қаншама артық энергия көзін сіз босқа жіберіп жүрсіз. Тым болмағанда жарықсыз өмір сүріп жатқан халықты бір ойлаңыз. Шешім: бүгіннен бастап жарықты үнемді пайдалану; Тек жарыққа ғана емес, суға да, газға да қатысы бар.

2. Қоқыс мәселесі. Бір ғана Алматының өзінде сыртқы жағында қоқыс тастайтын үлкен жерді есіңізге түсіріңіз. Қосымша, сол қоқыстың қаншалықты улы газ тазартып, ластап жатқандығын ескеріңіз. Шешім: үйден қоқысты шығарарда оны іріктеп барып тастаңыз. Яғни, шыныларды бөлек, қағаздар бөлек т.б.

3. Жұмыс барысында парақты үнемді, ретті пайдаланыңыз. Макулатураның бар екенін білесіз. Парақты қоқысқа тастамай сонда өткізсеңіз болады.

4. Полиэтиленді пакеттерді қолданудан бас тартыңыз. Оның орнына майлық пакеттерді, қағаз пакеттерді қолданыңыз.

5. Бір рет қолдануға арналған пластикалық ыдысты қолданысыңыздан алып тастаңыз. Соның арқасында, жұмысшыларды утилизация процессі қиын жүретін қоқыстардан арылтасыз. Пластик заттарды қайта өңдеу барысында ауаға зиянды заттар қатты бөлінеді.

Тапсырма. Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, синтаксистік нормаларды сақтай отырып, еріктілер тобының мүшесі ретінде қоршаған ортаның ластануы нәтижесінен адам денсаулығына келтірілетін зиянынан қорғау туралы нұсқаулық жазу.

Үлгі: егер ауа ластанса, бетперде киіп жүру, т.б.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

«Елші» әдісі бойынша топтар бір-бірінің жауаптарын оқып, дескрипторларға сай бағалайды.

Дескриптор:

  • ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін біледі;
  • тілдік құралдарды орынды қолданады;
  • нұсқаулық жаза алады;
  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды.

Мұғалімнің сындарлы кері байланысы келесі тіркестерден тұрады:

Ұтымды шыққан ... ...

Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ...

Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар...

Креативті ... ... , бірақ көркем тіл жетіспейді.

Слайд

https://ppt-online.org/306598

слайд

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D2%B1%D1%81%D2%9B%D0%B0%D1%83%D0%BB%D1%8B%D2%9B

слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. «Көршіңмен сөйлес» әдісі

Қандай мәлімет алдыңыз?

Не ұнады?

Сабақтың қай жері есіңде қалды?

Келесі сабаққа ұсынысың бар ма?

слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу