Жаһандық экономикалық интеграция. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі.

Тілдік жүйе және норма.

Сабақтың тақырыбы

Жаһандық экономикалық интеграция

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Жазылым

10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.

Сабақтың мақсаттары

Оқушыларға тыңдаған мәтін бойынша сипаттама жаза білуге дағдыландыру.

Бағалау критерийлері

Жазылым бойынша:

  • Мәтіндерді түсініп оқиды.
  • Қажетті ақпараттарды іріктейді.
  • Сипаттама жазу үшін сөздерді сұрыптайды.
  • Сұрыпталған сөздерді түрлендіріп қолданады.

Тілдік мақсаттар

Сөз тазалығы. Ресми іс-қағаздары тілінің ерекшеліктері.

Пәнаралық байланыс

Тарих пәні

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

4 минут

Қызығушылығын ояту

Қадамдары:

  • Бір қима қағазға «экономика», екіншісіне «интеграция» деп жазылады. Стол үстіне жазуы бар бетін жасырып орналастырады. Оқушылар таңдап алады.
  • Қабырғаға екі постер ілінген: біреуінде экономика, екіншісінде интеграция деп жазылған. Өз сөздері бойынша сынып екі топқа бөлініп, екі постердегі сөздер бойынша білімі мен түсініктерін жазады.
  • Жазып болғаннан кейін топтар ауысады. Жазбалармен танысады. Топ жұмыстары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, пікір-ұсыныс білдіреді.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B8%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F

Сабақтың ортасы

Тыңдалым

10 минут

Мағынаны тану сатысы

Қадамдары:

  • Таныстырылым: экономикалық интеграция терминімен танысады.
  • «Жаһандық экономикалық интеграция»,

«Экономикалық интеграция мемлекетті нығайтады» тақырыптарындағы мәтінді түсініп оқиды.

Ескерту: Мұғалім өз тарапынан мәтінді қысқартып, ықшамдап береді.

Жазылым:

Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.

Ресми іс-қағаздарының түрлері.

Тапсырма: Ақпараттық хат жазу

Мәтіндерден тақырып аясында қажетті ақпараттарды, сөздерді іріктеп, түрлендіріп, ақпараттық хат жазуға қолданады.

Ақпараттық хат жазу үлгісін негізге алыңыз.

https://qazaquni.kz/2014/05/24/24346.html

https://syrboyi.kz/akparat/2846-ekonomikaly-integraciya-memlekett-nyaytady.html

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: «Галереяға саяхат» стратегиясы.

Қадамдары:

Оқушылар жазған сипаттамаларын қабырғаға іледі. Бір-бірлерінің жұмыстарымен танысдаы. Танысып болған соң, Айтарым бар деп бастап пікір, ұсыныс білдіреді.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Бағалау критерийі

Дескриптор

белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.

Мәтіндерді түсініп оқиды.

Қажетті ақпараттарды іріктейді.

Сипаттама жазу үшін сөздерді сұрыптайды.

Сұрыпталған сөздерді түрлендіріп қолданады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу