Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.


«Сөздік гол» әдісі бойынша берілген сөздерді түсіндіру, анықтамасымен өз анықтамасын салыстыру

Каталог - кітапхана қорындағы баспасөз және басқа қолжазба шығармаларының тізіміКартотека – карточкаларды сақтауға арналған жәшік, карточкаларды белгіленген топтарға бөліп тұратын картон парақтар. Аты, № көрсетіледі.

Қас қаққанша – жылдам, тез

Саз –су аpаласып, батпаққа айналған топыpақ (батпақ)

Тақтайша – кiшкене тақтай, шағын тақтай.

Сұрыптау – іріктеу, сорттау, екшеу 

Шиыршықтау – оpалып, шиыpматылып, қатты шиыpшықталып, ширатылып, оралған нәpсе. 

Түтік – ішi қуыс, сыpты жұмыp, жiңiшке құбыp. 

Папирус – Тpопиктiк Афpикада өзен, көл жиегiнде өсетiн көп жылдық шөптесiн

Атақты – әйгілі, даңқты

Қыздыру –  қыжылдату, күйдіру

Ұрлық-қарлық – Ұрлық істегендік, біреуді тонаушылық.

Сарай - Ішi әшекейлi әсем, салтанатты ғимаpат.

Берілген сөздер арқылы не туралы сөз қозғалатынын анықтау.

«Кітапхана қашан пайда болған?»

Іздегенімізді қас қаққанша интернеттен тауып үлгергенімізбен, кітаптың жөні бір бөлек. Адамның рухани азығы, айнымас алшысы осынау кітаптың өркениеттің алғашқы сатысы болып қала беретіндігіне дау жоқ. Әрі оның баға жетпес құндылығын бәріміз де мойындаймыз. Ал қандай елге, қандай қалаға жолымыз түссе де, алдыңыздан мен мұндалап шығатын мәдени орындарының ішінде кітапханалардың маңызы зор. Адамзат тарихында кітапхана қалай пайда болып еді?

Кітапхана қашан пайда болғанын білесіз бе? Ең алғашқы кітапхана осыдан 8 мың жыл бұрын пайда болған. Ежелгі Месафатами тұрғындары жазуды саздан жасалған тақтайшаларға жазған. Сондай мыңдаған тақтайшалар ежелгі сарайларда сақталып келді және тақырыптары бойынша сұрыпталды. Ежелгі египеттіктер жазуды әуелі шиыршықталап, сосын түтік сияқты оралған папирусқа қыздырып жазды. Б.д.д. 332 жылы Александр Македонский негізін қалаған Египеттегі атақты Александрия кітапханасында осындай мыңдаған қағаздар сақталып келген. Б.з.д. ІV ғасырда Римде көпшілікке арналған 28 кітапхана жұмыс істеген. Ал орта ғасырларда университеттер жанынан ашылған. Ұрлық-қарлықтарды болдырмау үшін ол уақытта кітаптарды қабырғаға шынжырмен бұғаулап тастайтын болған. Енді сіз білесіз!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу