Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 7 сабақ.


Қазіргі қоғам құндылықтары:

мәдениет және өркениет

Оқу мақсаты: 10.ӘТН2. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

Сабақ мақсаты:

Айтылым, оқылым барысында интонацияны сауатты қолдану.

Бағалау критерийлері:

Тақырыпты ашып жазады;

Көркемдегіш құралдарды ажыратады;

Көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады ;

Жазылым форматын сақтайды.

Қызығушылықты ояту.

«Мәдениеттің барлығы кітапта» деген пікірмен келісер ме едіңіздер? (оқушылар пікірлерін тыңдау)

Тапсырма:

«Джигсо» әдісі.

Алдымен сынып 6 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4,5,6-ға санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4, 5, 6 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 6 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4,5,6 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.

Айтылым барысында интонацияны сақтап, кідірістерге, әуезге мән беріңіздер.

Айтылым.

Еліміздегі кітапханаларды әлемнің ең танымал кітапханалары сияқты атақты ету үшін қандай жұмыстар жүргізер жүргізер едіңіздер. Кем дегенде 10 іс-шара жазыңыз және оны атқару жолдарын көрсетіңіз.

Бағалау: топтар бірін – бірі бағалау критерийлері арқылы бағлап, кері байланыс береді. Сөйлеу барысындағы интонацияның қойылуына мән береді.

Рефлексия:

«Бір сөзбен» әдісі

-Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, *Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, *Сенімсіздік, *Рахаттану.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу