Қазақстандық гиперреалистің арманы. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 8-бөлім: Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық гиперреалистің арманы

Мектеп: Орал қаласы НЗМ

Пәні: Қазақ тілі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 10 Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Негтив

  • Тыңдалым бойынша мәтінмен жұмыс жасай алады;
  • Көтерілген тақырыпты анықтай алады;
  • Сұрақтарға жауап бере алады;

 Бағалау критерийлері

  • Тыңдалым мазмұнын толық түсінеді;
  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді;
  • Өз ойын анық білдіре алады;
  • Қорытынды шешім шығара алады.

 Тілдік мақсаттар

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Менің ойымша.....

Менің пікірімше....

Қорытындылай келе......

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларға әлем жаңалықтары жазылған парақшалар беріледі. Олар берілген парақшада не туралы айтылғанын жұпта талқылап, айтады.

  • «Димаш - біздің мақтанышымыз. Ол Қазақстанның атын әлемдік деңгейде танытып жүр. Сондықтан оған қолдау көрсетуіміз керек. Өзіміз де көмектесіп отырамыз. Биыл Димаштың қатысуымен «Бақытты бала» атты үлкен концерт ұйымдастырылды. Өнер орталығында аншлаг болды. Соның аясында Димаш xалықаралық деңгейде концерт берді. Оған 24 елдің өкілдері қатысты. 63 жастағы бір әйел сонау Кіші Азиядан Димаштың дауысын естимін деп, Қазақстанға арнайы келді», - деді Б.Сапарбаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
  • «Астана Опера» театрының балет труппасы 23-24 қараша күндері Италияның Генуя қаласындағы «Карло Феличе» театры сахнасында өнер көрсетеді. Морис Жаррдың атақты «Париж Құдай анасының соборы» спектаклі көптеген әлемдік сахналарда қойылған. Алайда Генуяда «Астана Опера» балет труппасының орындауы жұртшылыққа алғаш рет ұсынылмақ. «Эсмеральда» рөлін Әйгерім Бекетаева мен Мәдина Басбаева сомдаса, «КВАЗИ-модо» партиясын Бахтияр Адамжан мен Рустем Сейтбеков орындайды. Әртістер гастрольдік сапар алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Еске сала кетейік, осыдан 2 жыл бұрын сахна шеберлері бұл елде Арам Хачатурянның «Спартак» балетін қойған болатын.
  • Қазақстан мен Түркияның дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жыл толуына орай Анадолы жерінде еліміздің мәдени күндері кең ауқымда аталып өтті. Айтулы шара аясында түбі бір түрік ағайындар отандық фильмдерді, кітап пен фотокөрмесін тамашалап, қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концерттен рухани азық алып қайтты. Шара барысында түріктер кең-байтақ Отанымыздың сұлу табиғаты мен көрікті орындарын және Қазақстанның бүгінгі заманауи келбетін тамашалады. Ал әдебиетсүйер қауым көрмеде қазақ жазушыларының түрік тіліне аударылған тырнақалды туындыларымен кеңінен танысуға мүмкіндік алды.

Оқушылар сабақ тақырыбын болжайды.

Мұғалім сабақ тақырыбымен және оқу мақсаттарымен таныстырады.

Сабақтың ортасы

3 минут

5 минут

5 минут

15 минут

Тыңдалымалды тапсырмасы:

Талқылау сұрақтары:

  • Өнер мен мәдениетке қатысты қандай әлем жаңалықтары туралы білесің?
  • Еліміздегі өнердің дамуына үлес қосқан қандай танымал адамдарды білесіз?
  • Елімізде өнердің дамуы үшін қандай жағдайлар жасалып жатыр?

1-тапсырма: Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Айдос Есмағамбетовтың қандай арманы бар?
  • Кейіпкер кімдердің мүсіндерін жасап шыққан?
  • Арманындағы музейді ашу үшін кейіпкер өзіне не қажет деп айтады?
  • Айдостың айтуынша, гиперреалистің бойында қандай қасиеттер болуы қажет?

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша 4 сұраққа дұрыс жауап бере алады.

2-тапсырма: Мәтіннің тақырыбы мен идеясы анықтаңыз

 

 

3-тапсырма: ПОПС формуласын толтырыңыз.

Тақырыбы: «Біздің елімізде өнерлі адамдарды қолдау қай деңгейде?»

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ...»

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...»

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...»

Төртінші сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»

Бағалау критерийлері:

  • Кем дегенде 3-4 дәлел келтіре алмайды;
  • Өз ойын анық білдіре алады;
  • Қорытынды шешім шығара алады.

https://www.youtube.com/watch?v=MS3AG8LWCyM

02:00 минуттан

03:35-ке дейін

5 минут

Сабақтың соңында бағалау критерийлеріне қайта оралып, сабақты қорытындылау. Кері байланыс.

Рефлексия.

Сабақта

Мен ..............................................білдім.

Мен .......................................... үйрендім.

Маған ...................................... ұнады.

Мен .......................................... қиналдым.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары

жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу