Абылайдың үш арманы. Қазақ тілі, 6 сынып, презентация. 8 сабақ


Тарихи тұлғалар

Сабақтың тақырыбы:

Абылайдың үш арманы

Оқыту мақсаты:

6.4.3.1 Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Бағалау критерийлері:

көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің қолданылатын орындарын біледі;

оларды басқа сөздерден ажырата алады.

1-қадам. Төрт адамнан тұратын топтарға бөлініңіздер. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің анықтамалары мен олардың қолданыс аясы туралы алмастырылып берілген мәтінді оқыңыздар.

2-қадам. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің белгілеріне байланысты мәтіндегі сөйлемдерді ажыратыңыздар. (әр ұғымның ережесі болатын сөйлемдерді жіктеңіздер).

3-қадам. Сөйлемдерді біріктіріп, әр ұғымның анықтамаларын құрастырыңыздар.

4-қадам. Жұп-жұп болып бөлініп, өздеріңіз жазған анықтамаларды талқылаңыздар. Дұрыс-бұрыстығын тексеріңіздер.

3-тапсырма

«Хан жарлығы»

«ШЫН», «ЖАЛҒАН»

1) Көнерген сөздер - күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорда сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

2) Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны көнерген сөздер деп атайды.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

3) Дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

4) «Мылжың» сөзі - эвфемизм.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

5) Архаизмдер – көнерген сөздің бір түрі.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

6) Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай үшке бөлінеді.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

Дескрипторлар

мәтіннен көнерген сөздің белгілерін білдіретін сөйлемдерді ажыратады;

мәтіннен эвфемизмнің белгілерін білдіретін сөйлемдерді ажыратады;

мәтіннен дисфемизмнің белгілерін білдіретін сөйлемдерді ажыратады;

мәтіннен көнерген сөздерді, эвфемизмді табады.

Рефлексия

 

Мен ... ақпарат алдым.

Маған ... қызықты болды.

Мен... түсіндім.

Менің ұсынысым..



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу