Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі | Мектеп: ФМБ НЗМ Алматы қаласы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 20.11.17ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова С.С | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 Т1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | О2 Ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтінді оқып, термин сөздерді анықтайды. Оқушылардың көбісі: терминдердің қолданылу аясын түсіндіреді, өзге стиль элементтерін анықтайды, ғылыми-көпшілік стильде жазылған мақала туралы ереже шығара алады. Оқушылардың кейбірі: «Ыстық орындықта» креативті жауап береді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
НЗМқұндылықтары | «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік қолданыстар арқылы оқушылардың сөз байлығын дамыту. Тілдік қолданыстар: революциялық сілкіністер, субъективті пайымдар, демографиялық соққы, экологиялық апат аймақтары, индустрияландыру, өндірістік инфрақұрылымдар, жаңа интеллигенция, аумақтық жаңғыру, революциялар дәуірі, эволюциялық даму, сепаратистік перде жамылу, экономикалық күйреу, саяси партиялар т.б. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | «Құндылық» деген сөзді қалай түсінесіз? Қазіргі қоғам құндылықтары деген не? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | 1.Оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, күтілетін нәтижеге болжам жасау. 2.Қызығушылықты ояту: ЖЖ Оқушылар жұппен шығып, бір-бір сөз қиындыларын қорапшадан алады. Бірі осы сөзге балама сөз (синоним) айтса, екіншісі осы сөзді қолданып бір сөйлем құрайды. Сөздер: революциялық сілкіністер, субъективті пайымдар, демографиялық соққы, экологиялық апат аймақтары, индустрияландыру, өндірістік инфрақұрылымдар, жаңа интеллигенция, аумақтық жаңғыру, революциялар дәуірі, эволюциялық даму, сепаратистік перде жамылу, экономикалық күйреу, саяси партиялар. Жалпы сұрақ: Қалай ойлайсыздар, осы сөз қолданыстары қандай стильде қолданылуы мүмкін? Осы сұрақ арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | 3.Мағынаны ажырату ЖЖ Оқушыларға оқылым мәтіні беріледі. Оқушылар мәтінді жұппен оқып шығады. 12 сәуір 2017 Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан үзінді. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр аумағын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айындағы оқиғаға 100 жыл толады. Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлттарға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгертті. Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа. Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы жоқ. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды. Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды. ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді. Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа интеллигенцияның қалыптасуын осыған жатқызуға болады. Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. Бірақ, бұл – ұлттың емес, аумақтың жаңғыруы еді. Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес. Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды. Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі. Тапсырма 1. ЖЖ Мәтіндегі термин сөздерді анықтап, қолданылу аясын түсіндіріңіздер. Тапсырма 2 ЖЖ Мәтіндегі тілдік оралымдарға мән беріп, өзге стиль элементтерін (публицистикалық, көркем әдебиет, ғылыми стиль) анықтаңыздар. Тапсырма 3 ТЖ (оқушылар 1-2-3-4 санына байланысты 4 топқа бөлінеді) Ойларыңызды қосып, ғылыми-көпшілік стильде жазылған мақала туралы ереже шығарыңыздар. Қорытынды жасаңыздар: Мәтінде қандай құндылықтар сөз болды? Бағалау
Үй жұмысы: жеке жұмыс Ой толғау (шығармашылық тапсырма) Сіз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын өз құлағыңызбен тыңдап, форумға қатысып келдіңіз. Енді сізге өзіңіз тұрып жатқан елді мекендегі жұртшылыққа кездесу кезіндегі ақпаратты жеткізу мақсатында баяндама жасау тапсырылды. Тапсырма: Мақалада айтылған мәселелер төңірегінде қысқаша баяндама жазыңыз. 300 сөз | Бағалау смайликтері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. «Ыстық орындық» әдісі арқылы кері байланыс жасау. Кез-келген оқушы Елбасының рөліне еніп, ыстық орындыққа отырады. Оқушылар осы мақаланы жазудағы мақсаты, жастардан күтілетін нәтиже, «Мәңгілік Ел» бағдарламасы туралы сұрақтар қоюы мүмкін. Елбасының рөліне енген оқушы жауапкершілікті түсініп, сұрақтарға тиянақты жауап беруі керек. | Орындық ыстық болғандықтан, рөлге енген оқушы сұраққа тез жауап беріп, келесі оқушыға кезек беруі керек. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша мағлұматтар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Ғылыми стиль-жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын-зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді.
Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік:
1) сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады.
2) сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі.
3) ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі - ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде.
Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми көпшілік шағын стиль.
Ғылыми стильдің мазмұндық ерекшеліктері: нақтылық, объективтілік, қисындылық. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі-терминдер. Терминдер-ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер жатады.
Ғылыми стильдің грамматикасының жазылу стилінің екі түрі бар. Бірі-стильдік мәнері толық қалыптасқан, екіншісі-ғылыми стильден ауытқушылығы басым келетін ғылыми шығармалар.
Ғылыми стильдің өзіне тән құрылымдық жүйесі болады: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау, ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің сыртқы элементтері, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Ғылыми стильде метафоралар кездескенмен, оның бейнелілік, көркемділік қасиеті бәсең болады. Есімді сөйлемдермен қатар етістікті сөйдемдер өте көп кездеседі. Ғылыми стильдің ауызша және жазбаша түрлері кездеседі. Ауызша түрінің жазбаша түрден айырмашылығы оның стилінің еркіндігі деп айтуға болады.
Қосымша мәлімет:
http://repository.kaznu.kz/bitstream/handle/123456789/3749/993-1913-1-SM.pdf?sequence=1&isAllowed=y
12 сәуір 2017
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр аумағын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айындағы оқиғаға 100 жыл толады. Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлттарға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгертті.
Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа.
Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы жоқ.
Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.
Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады.
Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды.
Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды.
ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді. Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа интеллигенцияның қалыптасуын осыған жатқызуға болады. Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. Бірақ, бұл – ұлттың емес, аумақтың жаңғыруы еді.
Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес. Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды.
Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды