Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 1 нұсқа.


Тыңдалым дегеніміз не?

Тыңдалым оқылым сияқты рецептивті дағдылар қатарына жатады. Тыңдалым дегеніміз тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну. Ол үшін біз контекстіні, тілді және ғалам туралы білімізді пайдаланамыз. Тыңдалым ауызекі сөйлеу тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді.

Төмендегі кестеден жазба тілі мен сөйлеу тілінің айырмашылығын салыстырып көрелік.

Жазба тілі

Ауызекі тіл

Парақ бетінде тұрады, жоғалмайды.

Сөйлеу барысында жоғалып отырады. Сөйлеу тілі кейде тым жылдам немесе баяу болуы мүмкін.

Сөйлемдерді ажыратып көрсету үшін пунктуация мен бас әріптерді пайдаланып отырамыз.

Сөйлемдер мен бір топ сөздер мағынасын интонация және екпін арқылы ажыратып отырамыз.

Әріптерден, сөздерден және сөйлемдерден жасалып барып, мәтінді құрайды.

Дыбыстар, жалғыз сөздер, сөз тіркестері қосылып, ассимилияцияға ұшырап отырады. Мысалы, алып бер – әпер, бара жатырмыз – баратырмыз.

Мәтін түсінікті болу үшін қосымша суреттер берілуі мүмкін.

Сөйлеуші өз ойын жеткізу мимиканы пайдаланады. Мысалы, жест, қолдарын сермеу және ым-ишара сияқты әрекеттер.

Құрылымы өте жақсы ұйымдастырылады: сөйлемдер толық және алдыңға сөйлемдер кейінгі сөйлемдермен бір-бірімен логикалық үйлесімде болады. Тақырыптар бірнеше абзацтарға бөлінеді.

Дұрыс ұйымдастырылмайды. Себебі кідірістер, ойдың бөліне беруі, сөздердің қайталануы және тақырыптың жиі өзгеруі көрініс тауып отырады.

Көбіне нақты тақырыпқа арналған сөздер мен күрделі грамматиканы қолданады.

Қарапайым грамматика мен ауызекі тілдегі сөздер қолданылады.

Тыңдалым түрлері:

Әңгімелесу (диалог), әңгімелер (оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және жарнама және т.б.

Тыңдалым дағдылары бірнеше ішкі дағдылардан тұрады:Мазмұнын түсіну үшін тыңдау – жалпы мазмұнын, идеясын түсіну үшін тыңдау.

Нақты ақпараттарды алу үшін тыңдау - тыңдалымдағы қажетті ақпараттарды алу үшін тыңдау. Мысалы, теміржол вокзалында өзіңізге қажет уақытты немесе пойызды білу үшін сол ақпаратты ғана тыңдайсыз, басқа ақпаратты қажет қылмайсыз.

Детальді түрде тыңдау- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін әрбір сөзін зер салып тыңдау, түсіну. Мысалы, маңызды жаңалықтарды айтып жатырған кезде оны дұрыс түсіну үшін әрбір сөзін мұқият тыңдап шығасыз.

Cөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау – сөйлеушінің көңіл-күйін не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау.

Интенсивті тыңдалым – сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы мақсат – оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру. Мысалы, белгілі бір грамматикалық тақырыптарды өткен кезде тыңдалымды пайдалану, бірақ бұл жерде басқа дағдыларды араластырмайсыз.

Экстенсивті тыңдалым - үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды(роман, әңгіме) тыңдау.

Тыңдалымға арналған сабақ жүйесінің мысалы:
1. Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы

маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.

Ақсұлу ҚҰЛМАҒАМБЕТОВА

Тілдік төрт дағды бойынша белсенді оқыту тапсырмалары, оқу-әдістемелік құрал. – 2014. - 54 б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу