Табиғат қорларын пайдалану мәселелері. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.


 Табиғат – адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын осыдан алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығымен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті.

 Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен  оның  байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бәрі табиғатқа бұрын-соңды болмаған шығын  әкелді. Алғашында табиғат қорлары  сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте-бірте  оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн., км2 деп  есептесек, оның  соңғы 150 жыл ішінде 35 %- ы кесілген екен. Соңғы ғасырда өмір сүрген адамзат қауымдастығы  табиғатты  қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат  қорларын есепке алып, оны  тиімді пайдалану керектігін ұғынды. Табиғат қорғау  туралы маңызды құжаттар  қабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.

 Табиғат корғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.

 Әрбір мемлекеттің ұлттың табиғат қорғау барысында ежелден қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Олардың  негізін қалаушы ата-бабаларымыздың ой-өрісінен туындаған аңыздар мен ақиқаттар – өмір тәжірибелері.

 Сондықтан да түз тағысы киікті киелі, жер мен суын қасиетті деп, жас ұрпағына түсіндірген ата-бабамыз табиғаттың қадіріне жете білген. Шұрайлы жайылымын, орман-тоғайын, өзен-көлін пайдаланып әрі оны қорғауды мақсат еткен.

 Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат – оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпақка қаз-қалпында жеткізу. Ол  үшін біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.

 Табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді.  Сарқылмайтын қорлар  адам баласына  тәуелсіз болып келеді. Соның  бірі – су. Жер   шарындағы судың үлесі барлық  жердің  2/3 алып жатыр.  Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы    уақыт   пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.

 Соңғы жылдары жер шарындағы барлық табиғат қорлары бұрын-соңды болмаған антропогендік өзгерістерге ұшырап отыр.  Олардың  ең бастысы – әлемдік  климаттағы өзгерістер. Күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен,  өнеркәсіптің  қарқындап  дамуына  байланысты ауаға зиянды газдар, шаңдар көтеріп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл апатты құбылыстар  өнеркәсібі  шоғырланған ірі қалаларда өріс алып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерге де өз ықпалын тигізуде.

 Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қорғауға көп көңіл бөлініп отыр. 1997 жылы “Қоршаған ортаны қорғау туралы заң” қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ ұрпақтардың салтанатты өмірі үшін сақтау.

 Табиғат қорғау заңын орындау негізгі ұстанымдары мен ережелеріне негізделген.

 Табиғат қорғаудың бірінші ұстанымы. Табиғат байлықтарын пайдалануды тұтынушылардың  мақсатын ескере отырып жүзеге асыру. Мысалы, орман тек құрылыс материалы емес, ол ауа райын реттеуші, ылғал көзі, дәрі-дәрмек, аң мен құстың мекені, топырақты қорғаушы және адам үшін денсаулық кепілі  екенін ескеру қажет.

 Табиғат қорғаудың екінші ұстанымы. Табиғат байлықтарын пайдалану барысында оның жергілікті жер үшін  маңызы мен қорын қатаң есепке алу. Бұл әсіресе орман, су қоры үшін  қажет. Мысалы, Әмудария мен Сырдария өзендерін ауыл шаруашылығына барынша пайдаланып, оның Арал теңізі үшін маңызы ескерілмеді. Нәтижесінде Арал теңізінің біржола құрып кету қаупі төніп тұр.

 Табиғат қорғаудың үшінші ұстанымыТабиғат қорларын пайдаланғанда олардың бір-бірімен байланысты екендігін есте сақтау керек. Яғни, табиғаттың тарихи-табиғи байланысын, тепе-теңдік процесін бұзбау деген сөз. Мысалы, Семей өңіріндегі Шыңғыстау ормандарының құрылыс үшін кесілуі – осы өңірді аң-құсы мен шұрайлы жайылымынан айырды.

 Қорыта айтқанда, адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде, қайта түлете отырып пайдалану және қорғау мақсат етіліп қойылуы тиіс, Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндетті борышы.

 https://baribar.kz/student/25849/qazaqstan-tabighatynynh-ekologiyasy-zhaghdayynynh-zerttelui/

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

А) Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын қалай пайдаланды?

_____________________________________________________________________________

Ә) Осы мақала арқылы автордың негізгі айтпақ ойы не? Ол қандай мәселені көтеріп отыр?

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Б) Белгілі бір аудиторияға берілген мәтіндегі мәселенің өзектілігін түсіндіру үшін қандай ақпаратты қолданар едің?

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Тапсырманың дескрипторлары:

  • Алғашқы адамдардың табиғат ресурстарының пайдалануы жөнінде жазады;
  • Мақаланың негізгі идеясын анықтайды?
  • Мәтінде көтерілген мәселемен байланысты кемінде 3 ақпаратты табады.

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтардың үлгісін басшылыққа ала отырып, мәтінде көтерілген мәселе бойынша 3 талқылау сұрағын құрастыр.

  • Сіз қандай шешім шығарасыз?
  • Мүмкін болатын шешімді көріп тұрсыз ба?
  • …. болатындай ұсыныс/пікір құрастыра аласыз ба?
  • Егер сіз ….. не болуы мүмкін еді?
  • Салдары/әсері қалай болды?
  • …… себебі неде?
  • Бұл үдерісті қалай өзгертуге болады?
  • Мұны қалай жетілдіруге болады?
  • Басқа қандай мүмкін нәтижелер бар ?
  • Салдары/әсері қалай болды?

Тапсырма дескрипторлары:

  • Сұрақтар мәтіндегі мәселемен байланысты;
  • Сұрақтар сауатты құрылған.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

3-тапсырма. Мәтінде көтерілген мәселе бойынша көршіңнің сұрақтарына 3-4 сөйлеммен жауап бер.

Тапсырма дескрипторлары:

  • Өз ойын айтады;
  • Өз ойын дәлелдейді;
  • Өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу