Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис Түсіндірмелі салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас. Қазақ тілі, 9 сынып, нұсқаулық. 5 сабақ.


Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем — синтаксистік компоненттерінің алғашқысында айтылған іс-әрекет, оқиға желісінің мәні кейінгі компонентте сараланып, түсіндіріліп, ашылып отыратын кұрмалас сөйлем. Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелесе байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны, мынау,сол,сонша,соншалық,сондай) болады.

 Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте немесе сызықша қойылады. Сызықша сонша, соншалық, сондай деген баяндауышы бар сөйлемде жиі кездеседі. Мысалы: Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді. (Ә.Ә.)

Талғаулы салалас құрмалас сөйлем— құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді. Жай сөйлемдер салаласа және тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады, араларына үтір қойылады. Сөйлемге талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, әлде. Екі жай сөйлемнің арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлемдер арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Мен не бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, не болмаса барша жанға тынышсыз болатын зұлымдықты қоюым керек екен ғой. (Шәкәрім). Өзі кетіп құтылды, әйтпесе өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік. Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады. (Ғ.Мұст.)

Кезектес салалас сөйлем - синтаксистік компоненттерінде баяндалатын іс-әрекеттің бірінен соң бірі кезектесіп іске асатындығын білдіретін кұрмалас сөйлем. Кезектес салалас сөйлемнің бір ерекшелігі тек жалғаулықтар арқылы байланысатынында. Кезектес салалас сөйлемді жасауға қатысатын жалғаулықтар: біресе, бірде, кейде. Мысалы: Кейде қабағы түксие қалады, кейде бет әлпеті күлім қағады (Б. Майлин).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу