Халық үшін ашық парақпын. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.
5-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мен халқым үшін ашық парақпын
http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1177683&simple=true#
Асанәлі Әшімұлы «Арна» баспасы, Алматы 2014ж
«Мен халқым үшін ашық парақпын»
-Асанәлі Әшімұлы, адам өмірінің баспалдақтары адамның жасымен өлшенеді ғой, мерейлі жетпістің жетегіне жеткенге дейінгі жылдар туралы не айтасыз?
Әр жастың өзінің функциясы ғой. Қазір шашты түгел күміс қырау шалып ағарды, жас ұлғайды. Біздің мамандықта жас шағында көп нәрсені тындыру керек.Отыз –орда бұзар адуын шақ, қырық –толысқан, жетілген кез.Осы отыз бен қырық жас аралығы үшін шығармашылық өрлеу жылдары болды.Осы арада көп іс тындырдым, киноға түстім, сол кездегі сомдаған образдарым арқылы халыққа танымал болдым.Абай сияқты елуді еңсергеннен кейін де, Леонардо да Винчи сияқты сексен – тоқсанға дейін де сарқылмай жұмыс істеу керек.
-Жақында Сіз Фархад –Шырынды сахналадыңыз, ондағы көздеген мақсатыңыз не?
-Басты мақсат – жас актерлерге бағыт –бағдар беру.Біздегі актерлармен әлі де көп жұмыс жасау керек.Режиссер үшін талантты актермен жұмыс істеудің өзі бір бақыт.
-Бүгінгі күнгі көрермен туралы не айтар едіңіз?
-Көрерменнің деңгейі төмен. Бүгінде өнер ордаларына зиялы қауымның баруы сирек.Театрға бару қажет –ақ.Ұлттық өнерді бағалау аз.Көрермен мен зиялы қауым актерлардың қылт еткен бір жетістігін байқаса соның өзі мәртебе.60-70 жылдары М.Әуезов, Қ.Сәтбаев тәрізді зиялыларымыз театрдан қалмайтын, жиі пікір айтатын. Премьера болса талдайтын. Сол жылдары қойылған «Еңлік -Кебек», «Шоқан Уәлиханов» спектакльдері екі күннен талданатын еді.Актерлер театрға өнерді түсінетін, бағалай білетін, пікір айтатын зиялы қауым келеді деп дайындыққа жауакершілікпен қарайтын.Сол жылдары театрдың өрлеу дәуірі болды.Сол кездегі өнер тарландарын көріп қалған, тәлім алған соңғы буын біздер сол желіспен, сол сүрлеумен келе жатырмыз...
-Білетіндер Сізді ашық-жарқын, қалжыңбас деп жатады...
Менде құпия ештеңе жоқ. Мен халқым үшін жабық кітап емес, ашық парақпын.Айтылған әзілдердің бәрі «Деген екен...» деген жинаққа енді.Бәрі халықтың аузында. Қалжыңбас екенім рас.Юморы жақсы адамдармен тез достасамын.Оспанхан екеуміз дос болдық. Мен бір әзілді бастасам, ол «айта түс, айта түс» деп кеңкілдеп кеп күледі.Ол күлген сайын, менің шабытым ашыла түседі.Өзінің жинағына «осы кітап сенің әдемі әзілдеріңнің, жақсы юморларыңның жемісі» деп жазып берген. Институтта оқып жүрген кезімде «Актер» деген қабырға газеті болатын. Мен соның бас редакторы болдым да, Оспанхан орынбасарым болды. Парадокс қой, өмірде ол актер болмады, жазушы болды, мен жазушы болмадым, актер болдым. Соның бәрінің жиынтығы – біздің өмір...
Тезис туралы қосымша:
Тезис - белгілі бір мәселе туралы қысқаша түрде баяндалған қағида, тұжырымдама; басты идея.
Мысалы, Орион – аспанға қуылған гректердің Орион есімді мергені және аспандағы ең танымал шоқжұлдыздардың бірі болып табылады деген бастапқы т е з и с т і алсақ, онда Құс жолына жақын орналасқан бұл шоқжұлдыз өзінің мергендік өнеріне мақтанғаны үшін аспанға қуылған гректердің Орион есімді мергенінің құрметіне аталғандығы туралы айғақтайтынын байқау қиын емес.
Белгілі бір мәселе туралы қысқаша баяндалған қағиданы, тұжырымдаманы концептуальды сұрақ арқылы танытып, басты идеяны тезис түрінде төмендегідей көрсетсеңіз, оқушылар тезис құуға бірден дағдыланады.
Мысалы,
Сұрақ: «Компьютерлік технологияны мектептің төртінші сынып оқушыларына қолданудың артықшылықтары қандай?».
Тезис: «Компьютерлер алғашқы сатыда төртінші сынып оқушыларына технологиялық және ғылыми білім алуға мүмкіндік береді»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды