Адам құқығы. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.
САБАҚ: 12-сабақ | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 8-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||
Бөлім атауы: | Жасөспірім және заң | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Адам құқығы | |||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 8.1.6.1коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу 8.3.4.1эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу(аргументативті эссе) | |||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар өз ойларын дәлелді, жүйелі жеткізеді. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, аргументативті эссе жазады. | |||||||||
Бағалау критерийлері | - Ойын жүйелі жеткізеді; - Эссе құрылымын сақтайды; - Мәтіндегі даму желісі сақталады. | |||||||||
Құндылықтар | Құрмет, отансүйгіштік, үздіксіз білім алу. | |||||||||
АҚТ қолдануы | Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар әдеби тіл нормасын айтылым және жазылым барысында орынды қолдануға үйренеді. | |||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Қоршаған орта және энергия ресурстары. | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау. | Слайд-презентация | ||||||||
Сабақтың ортасы | Тыңдалым алдындағы тапсырма.
Оқушылар «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында бір-бірінен интервью алады. Жауаптарды саралай келе, қорытынды шығарады. - Сен өз құқығыңды білесің бе? - Сенің құқығың үнемі сақталады деп ойлайсың ба? - Сен өз құқығыңды қалай қорғайсың? Тыңдалым тапсырмасы. Оқушылар «Адам құқығы» туралы тыңдалымды тыңдайды. Тыңдалымдағы мәселені талқылап, диалогқа түседі. Диалогта оқушылар заң терминдерін орынды қолдануы керек. Мұғалім терминдерді алдын ала беріп қояды. - Жапондықтар ар-намыс мәселесін қандай орынға қояды? - Самурайлар қандай тәртіпке бағынады? - Бір қылмыс үшін кім жазалануы мүмкін? - Үнді халқының жастары қандай? - Үнді халқы өз қалауларымен отбасын құра алады ма? - Үнді халқының қандай құқығы жоқ? - Азия елдеріне қандай ортақ құқық бар? - Әйел құқығы деген не? - Нидарланды әйелдері туралы қандай пікірлер бар? Ж. Жазылым тапсырмасы.
Оқушылар бейнематериалдағы ақпараттарды қолданып, «Әлем елдеріндегі адам құқықтарының сақталуы » тақырыбында эссе жазады. Жазылымда оқушылар әр елдің адам құқықтарын сақтауына байланысты артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып, өз ойларын нақты дәлелдер келтіріп жазады. Мұғалім оқушыларға қосымша деректерді ізденіп, пайдалануына жағдай жасайды. | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия Рефлексия мына сұрақтар негізінде жүргізіледі: - Мен осы сабаққа дейін не білдім? - Осы сабақ маған несімен пайдалы болды? - Қандай мәселені әлі жақсарту керек? | |||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Дифференциация Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады Слайд-презентация пайдаланылады | ||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды