Қар барысы. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.
Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой.
ХVІІ ғасырда орыстың тері сататын саудагерлері «Ирбис» сөзін Азия аңшыларынан естіген. Тувада бұл аңды «ирбиш», Жетісуда «ильберс», Түрік тілінен «ирбиз» сөзі «қар мысығы» деп аударылады. Ал қазақтар олардың өмір сүру жағдайына қарап, «қар барысы немесе тау барысы» деп атайды.
Қар барысының сыртқы түр келбеті қар қабыланына (леопард) ұқсағанымен, одан әлдеқайда кіші. Ирбистің бас сүйегі гепардқа, дене тұрқы тау арыстанына (пума) көбірек ұқсайды.
Қар барысы Гималай, Памир, Тянь-Шань, Алтай Батыс Саян, Үлкен Кавказ таулары мен таулы массивтерді мекен етеді. Барыстың әлем бойынша өсіп-өнген әрі тығыз орналасқан жері — Непал.
Қар барысы Қазақстанда Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы жоталарында, Үлкен Алматы шатқалында, Тарбағатайда, Оңтүстік Алтайда, Күршім жотасында, Бұқтырма өзенінің бастауында, Марқакөл өзенінің атырабында кездеседі.
Қар барысы жалғыз жүргенді ұнатады. Өзі тұйық, дыбыс шығармайды. Сондай-ақ барыстың көру және есту қабілеттері ерекше дамыған.
Қар барысы өте сақ. Ол таудың етегіне жортуылға шығады. Ол ені 7-8 метр болатын шатқалдардан секіре алады.
Қазір әлем бойынша қар барысының азайып кету қаупі бар. Сондықтан Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қар барысы — Қазақстан Республикасының ұлттық символы.
4-тапсырма
Мына сөйлемдерді дәптерге жазып, сөйлем мүшесіне талда. Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің орнын, қызметін түсіндір.
Қар барысы өте сақ. Ол таудың етегіне жортуылға шығады. Ол ені 7-8 метр болатын шатқалдардан секіре алады. Қар барысы гепардқа, пумаға ұқсайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?