Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.
Топқа бөлу
1-топ 2-топ 3-топ
4-топ 5-топ 6-топ
«Түртіп алу» стратегиясы
Оқушылар тыңдалым тапсырмасын тыңдап отырып, дәптерлеріне ғылыми, халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді жазып алып отырады.
Полилог
Топтарға белгілі бір тақырыптар беріледі.Топтағы оқушылар сол тақырып бойынша өз көзқарастарын, пікірлерін білдіру керек.Екі топқа бір тақырып берілгендіктен,1-топ берілген пікірмен келісетінін жеткізеді, 2-топ берілген пікірмен келіспейтінін айтады. Полилогта топтың барлық мүшелері өз пікірін айтуға қатысады. Бір оқушы бастайды, қалғандары сол ойды дамытып, дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарастарын жеткізеді.Сөйлеу барысында дәптерлеріне жазып алған ғылыми, халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді қолданып сөйлейді. Полилогта ойдың басы, ойды дамыту, ойды қорыту құрылымы сақталу керек.
«Дауыс беру» әдісі.
Алғашқы топтар полилогқа қатысып жатқанда қалған топтар дауыс беруге дайындалып отырады. Жауаптары бағалау критерийіне сай әрі өте ұтымды пікірлер айтқан топқа өз дауысын бере алады (өзі дауыс беретін топқа стикер жапсырады).Әр топтан бір дауыс беріледі. Дауыс беру үшін 30 секунд ішінде топ келісімге келеді.
Мұғалімнің кері байланысы. Мұғалім оқушылар полилогқа қатысып жатқанда оқушылардың ұтымды жауаптары мен толықтыруды қажет ететін немесе орынсыз пікірлерді өзіне түртіп алады. Бағалудан соң, мұғалім жиналған стикердің санына байланысты өзінің кері байланысын береді.
Рефлексия
Сабақ соңында оқушылармен диалогқа түсіп, ауызша кері байланыс алуға болады.
Оқу мақсатына жеттіңіз бе?
Оқу мақсатына жетуде сізге не көмектесті?
Оқу мақсатына жетуде бағалау критерийі көмектесті ме?
Қай тапсырманы орындауда қиындықтар туды? Неге?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?