Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.


Топқа бөлу

Байқоңыр Байқоңыр Байқоңыр Байқоңыр

Байқоңыр Байқоңыр

 Обсерватория Обсерватория Обсерватория Обсерватория

 Обсерватория Обсерватория

 

Ғарыш аппараты Ғарыш аппараты

Ғарыш аппараты Ғарыш аппараты

Ғарыш аппараты Ғарыш аппараты

Ғаламшар Ғаламшар Ғаламшар

Ғаламшар Ғаламшар Ғаламшар

«БББ» ӘДІСІ

1-топ.

Ғарышты зерттеуге бағытталған жобалар

2014 жылдың жобалары өте сәтті жүзеге асты. Ғарышты толығымен танып-білу жолында бұл жыл да ерекше болмақ. Ағымдағы жылда Күн жүйесіндегі ең алыс ғаламшар Плутон туралы нақты ақпараттар алуға мүмкіндіктер болады. Америкалықтардың «Жаңа көкжиектер» (англ. New Horizons) атты ғарыш аппараты осы жылдың шілде айында аталған ғаламшар атмосферасына жетеді деп жоспарланған. Ал наурыз айында «Dawn» зонды Марс пен Юпитер аралығында айналатын астероидтар айлағындағы ең кіші ғаламшар болатын Церераға қонады. Церера – адам баласына белгісіз, сырты мұзбен қапталған астероид. Оның қыртысында табиғи тұтынуға болатын су бар болуы ғалымдар тарапынан тұспалданған. Ендеше Церера адам өмір сүруіне қолайлы мекен болуы да мүмкін. Әрине бұл жоспардағы жобалардың барлығы емес. 67Р/Чурюмов – Герасименко кометасына қондырылған «Розетта» (ағыл. Rosetta) модулінің жұмысы 2015 жылдың соңына дейін жалғасын таппақ. Ал Virgin Galactic ғарыш аппаратының сәтсіз жарылысқа ұшырауына қарамастан жеке меншік компаниялар жобаны соңына дейін жеткізуді мақсат еткен. Осы секілді маңызды болған жаңа жобаларға тоқтала кетсек.

«Жаңа көкжиектер» ғарыш аппараты Күн жүйесінің бойымен тоғыз жылдан бері Плутонға қарай бағытталып ұшуда. Айта кетсек, NASA агенттігі аталған аппаратты Плутон мен оның табиғи серігі Харонды зертеу үшін 2006 жылы ұшырған болатын. «Жаңа көкжиектер» шілде айында ғаламшарға жетіп, Плутон бетіндегі сұр түсті дақтардың не екенін анықтайтын болады.

MESENGERМеркурий орбитасында төрт жыл бойы айналып, зерттеу жұмыстарын жүргізген ғарыш аппараты өз миссиясын аяқтайды. Астрофизиктердің есептеуі бойынша, оның жанармайы наурыз айына дейін жетуі керек болған. Бірақ соңғы есептеулер MESENGER аппаратының тағы бір ай ақпарат бере алатынын дәлелдеді. https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/24581/

2-топ.

Ғарышты зерттеуге бағытталған жобалар

2014 жылдың жобалары өте сәтті жүзеге асты. Ғарышты толығымен танып-білу жолында бұл жыл да ерекше болмақ. Ағымдағы жылда Күн жүйесіндегі ең алыс ғаламшар Плутон туралы нақты ақпараттар алуға мүмкіндіктер болады. Америкалықтардың «Жаңа көкжиектер» (англ. New Horizons) атты ғарыш аппараты осы жылдың шілде айында аталған ғаламшар атмосферасына жетеді деп жоспарланған. Ал наурыз айында «Dawn» зонды Марс пен Юпитер аралығында айналатын астероидтар айлағындағы ең кіші ғаламшар болатын Церераға қонады. Церера – адам баласына белгісіз, сырты мұзбен қапталған астероид. Оның қыртысында табиғи тұтынуға болатын су бар болуы ғалымдар тарапынан тұспалданған. Ендеше Церера адам өмір сүруіне қолайлы мекен болуы да мүмкін. Әрине бұл жоспардағы жобалардың барлығы емес. 67Р/Чурюмов – Герасименко кометасына қондырылған «Розетта» (ағыл. Rosetta) модулінің жұмысы 2015 жылдың соңына дейін жалғасын таппақ. Ал Virgin Galactic ғарыш аппаратының сәтсіз жарылысқа ұшырауына қарамастан жеке меншік компаниялар жобаны соңына дейін жеткізуді мақсат еткен. Осы секілді маңызды болған жаңа жобаларға тоқтала кетсек.

eLISA миссиясы. Еуропа Ғарыш Агенттігі дайындап жатқан eLISA жобасының мақсаты галактикадағы қара ойықтардың соқтығысуынан пайда болатын гравитацияның салмағын анықтау. LISA Pathfinder модулі ағымдағы жылы ұшырылып, ғарыш қабаттарын өлшеу технологиясын пайдаланатын алғашқы аппарат болмақ.

Жеке сегмент. NASA мен SpaceX сынды ғарыштық инжинирингпен айналысатын дербес компаниялар адамдарды Жер атмосферасының сыртқы қабатына жеткізуді ойластырып отыр. SpaceX компаниясының бас директоры Элон Маск Dragon аппаратының көмегімен Халықаралық Ғарыш Станциясына қажет заттарды тасымалдауды ұсынып отыр. Ал өткен жылдың қазан айында Orbital Sciences компаниясына тиесілі «Антарес» зымыраны ұшу барысында жарылып кеткен болатын. Компания орын алған қателіктерді ескеріп, Cygnus ғарыш аппаратын орбитаға дайындауды жоспарлап отыр. Аталған аппарат «Атлас-5» зымыранының бортында ғарышқа жеткізілмек.

https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/24581/

Тапсырма.

Төменде көрсетілген тіл оралымдарын мәтіннен табыңыз және оның қолдану себебін түсіндіріңіз.

1.мәселені қоғамға таныстыру мәніндегі сөздер мен сөз тіркестері

2.бағалауыштық мәндегі тілдік қолданыстар

3.эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары.

4.перифразалар

5.сөздердің инверсиялануы, қаратпа сөздер, риторикалық сұрақтар, әртүрлі қайталамалар, көркемдік құралдар

6.Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? Ойыңызды қорытындылаңыз.

3-4- ТОПТАР

Ұшу аппараты

Ұшу аппараты (ҰА) — планеталар атмосферасында немесе ғарыш кеңістігінде басқарылып ұшырылуға арналған құрылғы.

Ұшу аппараттар атмосфералық және ғарыштық (планетааралық автомат ст., Жердің жасанды серігі, ғарыш кемесі) болып екіге бөлінеді. Атмосфералық ұшу аппараттары ауадан ауыр (ұшақ, тікұшақ, планер, т.б.) және ауадан жеңіл (аэростат, дирижабль, т.б.) болып топталады. Ауадан жеңіл ұшу аппараттарын көтергіш күш аэростатикалық, ал ауадан ауыр аппаратты көтергіш күш аэродинамикалық құбылыс негізінде пайда болады.

Ұшу аппараттарының жіктелуі — ұшу аппараттары негізгі белгілеріне қарай мынадай кластарға бөлінеді: көтерілу күшінің жасалу принципіне қарай ауадан жеңіл және ауыр аппараттар, экипаждың болуы немесе болмауына байланысты пилотты және пилотсыз, қолданылуына қарай бір жолғы және бірнеше мәрте қолданылатын болып бөлінеді. Қазіргі кезде ауадан жеңіл ұшу аппараттары қосалқы рөл атқарады. ұшу аппараттарының ауадан ауыр түрінін класында көп кездесетіні ұшақтар тобы болып табылады

Ұшу аппараттарының қозғалтқыштары — жылу энергиясын тарту күші не айналдыру тәсіліне қарай қалақты және реактивтік қозғалтқыштар. Қалақты қозғалтқышта отын энергиясы қалақ білігінің куатына айналып, ауа ағынын тебе отырып, тарту күшін туғызады. Сондықтан көбіне қалақты қозғалтқыш деп аталады, ал мұндай қондырғы қозғалтқыш пен қозғалғыштан тұрады. Қазірде қалақты қозғалтқыштар жеңіл көліктер мен санитариялық ұшақтарда, байланыс ұшақтары мен тікұшақтарда қолданылады. Реактивті қозғалтқыштарда ұшу аппаратының тарту күші аз ағынымен пайда болған реакция күші түрінде қозғалтқыш элементінің өзінің үстінде пайда болады. Реактивті қозғалтқыш құрамында қозғалтқыш та, қозғалғыш та болмағандықтан, тік реакция қозғалтқышы деп аталады. Реактивтік қозғалтқыштар ауа-реактивтік және ракеталық болып 2 класқа бөлінеді. Ауа-реактивтік қозғалтқыштың жұмысы үшін отын ұшақтын басынан, ал тотықтандырғыш (оттегі) қоршаған ауадан келсе, ракеталық қозғалтқыштар үшін отын да, тотықтырғыш та ұшу аппараттарында тасымалданады. Ракеталық қозғалтқыштар қолданатын отын түріне қарай қатты отынды қозғалтқыш және сұйық отынды қозғалтқыш болып бөлінеді. Ауа-реактивті қозғалтқыш ішінде кең тарағаны — ӘӘК ұшақтарында қолданылатын турбореактивтік қозғалтқыштар. Негізгі энергия (қуат) көзі ядролық отын болып табылатын атомдық күш қондырғылары ерекше топ құрайды.[1]

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D1%88%D1%83_%D0%B0%D0%BF%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%8B

Тапсырма.

Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз және оның қолдану себебін түсіндіріңіз.

1.Мәтінде ғылыми шығармаға тән түрлі көзқарастар жүйесін бір арнаға салып жинақтау, қорыту, талдау бар ма?. Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы береді?

2.Ғылыми тілге тән халықаралықсипаттағы терминдер, шет тілдік терминдер, ғылыми терминдер бұл еңбектен байқауға болады ма? Мысал келтір.

3.Еңбекте ғылыми баяндау, дәлелдеу, салыстыру, салғастыру әдістері қолданылған ба? Онда қандай тілдік қолданыстарды байқадыңыз?

4.Мәтін қай ғылым саласына қатысты ? Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы дәлелдей аласыз?

5.Еңбекте басқа да стиль элементтері кездеседі ме? Мысал елтіріп, дәлелдеңіз.

6.Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? Ойыңызды қорытындылаңыз.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

1-2-топтра үшін тапсырма.

  • « Халықты ақпараттандыру ісінің жетілуі, технологиялық революцияның жаңа толқынының туындауы, зерттеулер жүргізуде, «Қазіргі таңда ғарыш қызметі байланыс, геология, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, қорғаныс және қауіпсіздік сияқты түрлі салаларда қажет болатын және мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді», қазіргі экономикалық прогрестің басты қозғалтқышы, әлемдік экономикадағы көптеген өндіріс, трансұлттық корпорациялар» берілген тіркестерді, ғылыми деректерді қолданып, мақала дайындаңыз.

Ескерту! Барлық сөз тіркестерін қолдану міндетті емес.

  • Қолданған сөз тіркестеріңіз бен ғылыми деректеріңізді не үшін қолданғаныңызға түсінік беріңіз.

3-4-топтар үшін тапсырма.

  • «Астрономия, ғарыш кеңістігі, галактика, жерден басқару жүйелері, ғарыш кеңістігінің физикалық қасиеттері, Айды, Күн жүйесіндегі планеталарды толық зерттеу, Жерден тыс өркениетті іздеу, Қазақстан ғалымдары да бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапарынан (2.10.1991 ж.) бастап, ғарыштық биотехнологияны пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлерін шығаруда біршама тәжірибе жинады.» берілген ғылыми, халықаралық және ғылыми деректерді қолданып ғылыми стильде мәтін құраңыз.

Ескерту! Барлық сөз тіркестерін қолдану міндетті емес. Ойыңыз 10-15 сөйлемнен тұруы тиіс.

  • Қолданған сөз тіркестеріңіз бен ғылыми деректеріңізді не үшін қолданғаныңызға түсінік беріңіз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу