Фастфуд тағамдары. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


 Сөйлеу тіліндегі интонация

 Әуелде «интонация» термині латынның «intonare», «қатты сөйлеу» деген сөзінен пайда болғанымен, бұл терминнің қазіргі мағынасы әрі күрделі, әрі сан қырлы. Әуен (мелодика), пауза, қарқын (темп), интенсивтілік, тембр интонацияның компоненттері болып табылады.

Интонация мен сөйлеу дыбыстарының қайсысы бұрын пайда болғаны жайында әрқилы деректер бар. Интонация мен сөйлеу дыбыстарының адамдардың бір-бірімен қатынас жасауында атқаратын ролі ерекше. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деп есептеледі.

Интонацияның логикалық және эмоциялық қасиеттерін зерттеудегі ең көне дерекатер ежелгі Греция мен Римде кездеседі. Онда сөйлеу тіліндегі әуен, пауза, қарқын, ритм туралы алғашқы түсініктер берілген.

Сөйлемнің ритмикалық құрылымының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы пікірлерді Аристотельдің, Деметрияның, Цицеронның, Трасимахтың еңбектерінде кездестіруге болады. Ритм туралы ең толық түсінік Цицеронның «Оратор» деген еңбегінде көреміз.

ЛОГИКАЛЫҚ екпін тыңдаушыларыңа айтқандарыңның мән-мағынасын түсінуге көмектеседі. Бірақ дауыс қаттылығын, сөйлеу қарқыны мен дауыс сарынын өзгерте отырып, баяндамаңды қызығып тыңдайтындай етесің. Оның үстіне, тыңдаушыларыңа айтып жатқандарыңа өзіңнің қалай қарайтыныңды көрсете аласың. Ал сенің көзқарасың олардың көзқарасына әсер ете алады. Бұл қауым кездесуінде сөйлесең де, уағыздау қызметінде адамдармен әңгімелессең де орынды болып табылады.

 Адамның даусы — зор мүмкіндіктері бар керемет аспап. Оны шеберлікпен қолданғаның сөзіңді жандандыра түсіп, жүрекке әрі сезімге әсер ететіндей және әрекетке талпындыратындай етеді. Бұл үшін мәтінде тек дауыс қаттылығы, сөйлеу қарқыны мен дауыс сарыны өзгеретін тұстарды белгілеп қоя салған жеткіліксіз. 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу