Ұлттық тағамдар. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар

Мектеп:

Күні:

_______2017 ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

7 Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық тағамдар

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

О5.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.

Бағалау критерийі

  • Мәтінді түсінеді;
  • Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады;
  • Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырады;
  • Жинақы мәтін жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар әдеби тіл нормасына сай сөйлеуге дағдыланады, ойын анық та жүйелі жеткізе алады.

Құндылықтар

  • Өмір бойы білім алу
  • Ынтымақтастық
  • Азаматтық жауапкершілік

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Өзге ұлттардың тағамдарынан мысал келтіру.

АКТ дағдысынқолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.

Өмірмен байланыс

Ұлттық тағамдарды дәріптеу.

Пәнаралық байланыс

Биология, химия, қоғам

Алдыңғы білім

Фастфуд тағамдары

Сабақ барысы

Жоспарланған

кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

4 минут

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.

Қызығушылықты ояту. Тақырыпты болжау.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.

Күтілетін нәтижелер белгіленеді.

Слайд

Сабақтың ортасы

6 минут

30 минут

2 минут

Мағынаны тану кезеңі. Ой шақыру.

Оқушылардың назарына «Қазақ халқының ұлттық тағамдары» атты бейнебая көрсетіледі.

Бейнебаян бойынша ойларын ортаға салады. Сосын, оқушыларға мәтін ұсынылады. Танысып болған сон тапсырмалар орындайды.

Тапсырма. Жеке жұмыс.

Ұлттық тағамдардың пайдасы

 Сүттен жасалатын қазақта құрт, қатық ,қымыз шұбат, сүт көже, сүзбе, көбік, ежігей тағы да басқа тағамдар баршылық. Және ол тағамдардың басым бөлігінің  қалай әзірленетіні халыққа белгілі. Алайда  таныс емес қазақ тағамдар да қаншама. Мысалы, өзім жақында ғана ежігей деген тағамды білдім. Осы тағамның  қалай және неден әзірленетіні  маған осы уақытқа дейін беймәлім еді. Ұлттық тағамдар туралы жазылған үш кітапты оқығанмын. Бірақ, ол кітаптарда ежігей туралы кезіктірмеппін. Кітаптарда жазылмаған ас түрін мен ғаламтордан бірден таптым. Ежігей - қой сүтінен дайындалған тағам. Ол қайнатылған қатық пен сары ірімшіктің қоспасынан әзірленетін дәмі тәтті, өзі жұмсақ болатын ас екен. Бұдан да басқа біз білмейтін ұлттық тағам түрлері көп деп ойлаймын.  Негізінен бізде ұлттық тағамдардың ұмыт болып бара жатқаны шындық. Ал, бұған себеп, түрлі тағамдардың, соның ішінде, басқа елден келген астардың көбеюі. Бірақ, бұл тағамдардың пайдасынан зияны басым екенін зерттеушілердің өзі дәлелдеп отыр. Мәселен, барлық дүкендерде сатылатын американдықтардың жылдам әзірленетін гамбургер, чизбургер, хот- дог секілді тағамдары денсаулыққа зиян. Және де адамның тез толысуына себепші болады. Міне, осы секілді басқа елден келген астардың көпшілігінің пайдасынан зияны басым болса да, барлық  дүкендерде осы тағамдар сатылады, ал өзіміздің  ұлттық тағамдарымызды еш дүкеннен таба алмайсың. Тек құртты ғана санаулы дүкендерден табуға болады. 

Қалыптастырушы бағалау.

  • тапсырма. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру. FILA кестесін толтыру.

Facts (мәтіндегі фактілер)

Ideas (мәтіннің идеясы)

Learning issues (сұрақтар)

Action plan (әрекет жоспары)

2- тапсырма. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырып, жинақы мәтін жазу. Сөз көлемі 70-80 сөз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сұрақтарды жұпта талқылау.

Талқылау.

Кері байланыс.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы

Мәтінді түсінеді;

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады;

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырады;

Жинақы мәтін жазады.

1

Бейнебаян бойынша ойын еркін жеткізеді;

Пікіріне дәлел келтіреді;

2

3

FILA кестесін толтырады;

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырады;

Жинақы мәтін жазады;

Сөз көлемін сақтайды.

Бағалау критерийлері:

  • Мәтінді түсінеді;
  • Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады;
  • Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырады;
  • Жинақы мәтін жазады.

Слайд

http://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/708/

Слайд

Слайд

Сабақтың аяғы

3 минут

Рефлексия

«Тазалық» ойыны түрінде алу.Оқушыларға бір парақ беріледі. Онда суреттер салынған:Чемодан (суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (Суреті)- Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Слайд

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу