Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: | Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | 7 Т1 | Қатысқандарсаны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме) | Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | 7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Биотехнология дегеніміз — биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. Гендік модификация — биотехнологиялық жолмен суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік өсіру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу | Әлем бойынша гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ дағдысын қолдану | Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өмірмен байланыс | Оқушыларға дұрыс тамақтану тәртібін ұғындыру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Биология, химия, қоғам | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақбарысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу. Қызығушылықты ояту. Мақалды құрастырып, топқа бөлу. 1.Таңертеңгі асты тастама, Кешкі асқа қарама. 2.Дос-жаран ауырып қалғанда, Елемей селсоқ жүрерсің. Әлекке ауру салғанда, Қадірін жанның білерсің. 3.Ауырып, ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде. Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады. Күтілетін нәтижелер белгіленеді. | Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 минут+3 минут | Мағынаны тану кезеңі. Оқылымалды тапсырмасы. 1-тапсырма. Сауалнама. Сауалнама сұрақтарымен танысып, кемінде үш адамнан жауап алады.
Ж. Оқылым тапсырмасы. Оқушылар оқылым мәтінін оқиды. Оқылым мәтіні. Не жеп жүрміз? Гендік модификация – биотехнологиялық жолмен улы заттарға, суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік түрін жасап шығару.1950 жылдарда атом энергиясымен қосанжарласа дамыған биотехнология ғылымы бүгінде осылай адам баласына өсімдіктің Құдай жаратпаған жаңа түрлерін тұтынуға мүмкіндік тудырды. Мұның бір пайдасы – бүгінгі күні талғажу қылуға тиімді ас өнімдерін дайындап шығаруға көмектеседі. Мәселен, қазір әлeмдегі жеті миллиард халықтың бір миллиарды ашығып, халыққа тамақ тауып беру мәселесі туындап отырғанда биотехнологияның жетістігімен қиындықтан өтуге болады. Америка, Англия елдері ғалымдардың көмегімен осындай жаңа өнім түрлерін өндіріп, Кения, Индия, Африка елдеріне апаруды қолға алған. Бірақ, бұны мемлекеттік деңгейде жүргізбеген. Жекелеген кәсіпкерлердің қолымен жүзеге асырды. Бір ескере кететін жайт, биотехнология арқылы өндірілген азық-түлік пен жеміс-жидектер өз елдерінде сатылуына жол берілмейді. Биотехнология арқылы ас өндіруді Қытай мықтап қолға алған. 9,2 миллион шаршы шақырым жерде екі миллиардтай халқымен нығыздалып отырған Қытайдың, әрине, кең алқапқа егіс салып, жағасын жайлауға жіберіп жатуға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті де, химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шектен тыс пайдаланып, жылдам өсіп шығатын, тез пісетін және ұзақ сақталатын өсімдіктер өсіру жолын пайдаланды.Ғылымның осы түрінің арқасында бүгін адам баласы азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністер тұтына отырып, түрлі жан-жануарлар мен жәндіктердің генін сіңіруде. Мәселен, оңайлықпен езіле қоймайтын қып- қызыл тастай қызанақ жеп отырып, ағзасына акуланың азу тісінің гені еніп жатқанын байқай бермейді. Сол секілді, құрт тұмсығын батыра алмайтын, қап-қатты, әдемі алмамен бірге шаянның, ал бір түйірі бір келіге дейін баратын картоппен бірге доңыздың генін ағзаға сіңіреді. Бір түйірі қызанақтай шиелерге тағы да сол доңыздың гені, ал жүгеріге жәндіктер залалын тигізбеуі үшін жыланның уынан алынған белсенді ген енгізілетін көрінеді. Түсінікті тілмен айтқанда, мәселен, акуланың азу тісінің бір генін алып, қызанақ жасушасының ішіндегі ДНК-ның бір бөлігімен алмастырып жібереді. Осылайша қызанақ ДНК- сы өзгеріп, мүлдем басқа өсімдік өсіп шыға келеді. Оқылымнан кейінгі тапсырмасы. 2- тапсырма. Қалыптастырушы бағалау. Оқылым мәтініндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады. (Қарамен белгіленген) Оқушылар синонимдік қатармен ауыстырып жинақы мәтін жазады. Сөз көлемі 70-80 сөз. Жаһандық азаматтық. Генетикасы модификацияланған дақылдармен қоректендірілген эксперименттік жануарлардың және олардың кейінгі ұрпақтарының ағзаларында патологиялық өзгерістер анықталған. Британия ғалымдары генетикасы модификацияланған ГМ-картоптың, Италия ғалымдары – ГМ-сояның, Австралия ғалымдары – ГМ-асбұршақтың, француз зерттеушілері ГМ-жүгерінің жануарлар ағзасына қауіпті екендігін дәлелдеген. Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/10849/
Кері байланыс. | Слайд http://www.astana-akshamy.kz Слайд Слайд Слайд Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың аяғы 2 минут | Рефлексия. | Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын? | Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл а? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме? Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз) 1: 2: Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз) 1: 2: Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды