Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 9 сабақ.
Оқушының аты-жөні: Сыныбы:
Бөлім | 5-БӨЛІМ: МУЗЫКА ӨНЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ КИЕЛІ ДОМБЫРАСЫ | |||||||||||||||
Оқу мақсаты | 7.О2 Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану. | |||||||||||||||
Ойлау деңгейі | талдау | |||||||||||||||
Бағалау критерийі | Стильдерді тілдік құралдары арқылы тани алады. | |||||||||||||||
1-тапсырма: Мәтінді түсініп оқыңыз. Жұмагелді Нәжімеденов: Мен домбырада қазақтың имунитеті жатыр деп айтқан болар едім. Бүкіл ғылым да соның ішінде. Әбу Насыр әл-Фараби айтады: «Аспанның көркі - жұлдыз, жердің көркі - дыбыс» деп. Домбыраны қағып кеп жібергендегі тербелістердің жиынтығын музыка дейді. Қазақтың рухын көтеретін - қоңыр үнді домбыра. Қоңыр үнді қалыпқа келтіру арқылы қазақтың ақыл-ойы, санасы өзгереді. «Домбыра тартқан бала жамандыққа бармайды», «Домбыра ұстаған бала адаспайды» деген тақырыптарда мақала да жаздым. - Қазір жасалып жатқан, кәнігі домбырашылардың тартысына шыдас беретін біздің елдегі мықты деген домбыралардың қүны қандай? Рақым Тәжібайұлы: Материалына қарай жақсы домбыраның құны 25 мың долларға дейін барады. Домбыраның беделін өсіру үшін оның бағасын өсіргеніміз, бір жағы, дұрыс. Құны болмаса, қадірі қалмайды, күтімі кетеді. Жақсы домбыраны тартқан үстіне тартқың келеді. Ондай домбыраны шертсең, шабытың оянып, шеберлігің өседі. Қаршыға Ахмедияров: 5-6 домбырам бар. Ғейнолла Ісмағұлов, Жақсылық Оспановтардың жасаған домбыраларымен шығып жүрмін. Кайсыбір жылы Өтеген Махмұттың «Иман» қоры «Үкілі домбыра» байқауын өткізгенде, алқа төрағасы болғанмын. Барлық шеберлердің жасаған домбыра үлгілері менің алдымнан өтті. Сонда әрқайсысының бағасы шамамен мың доллар көлемінде болатын. - Домбыра жасайтын материал, яғни, ағаш мәселесінде қандай өзгерістер немесе ізденістер керек? Жолаушы Тұрдықұлов: Біріншіден, домбыраның сапасы түзелгеннен кейін, халықаралық аренадағы аспапқа айналар еді. Екіншіден, әрине, сапасы болғаннан кейін өнер деп қарап, жалпы бәсекені көбейтіп, домбыраға ұлттық өнер деп қарауымыз керек. Ойлап отырсақ, мәселе көп. Шеберлердің бастары қосылмай жүр. Белгілі бір орталық болса, барлық аспап түрлерін жасайтын мықты материалдар алынар еді. Өзіміздің Тянь-Шань шыршасы да - акустикасы жоғары ағаш. Акустикалық қасиеті күшті қызыл ағаш, қара ағаш, бұйра үйеңкілер шетелден алынуы қажет. Оған жеке адамның шамасы жетпейді. Ерлан Әбдірұлы, «Абай-информ». http://old.abai.kz/node/1780 2-тапсырма: Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.
Қандай көркемдегіш құралдар бар? (риторикалық сұрақтар, мақал –мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қайталаулар,т.б)
3-тапсырма: мәтіннің стилін анықтап, дәлел келтіріңіз.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?