Су. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ


Тыңдалым мәтіні:

Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жылдар бойы судың қасиетін зерттеген екен. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқы жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілдері көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп біздің бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Ендеше, ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.

Судың біз біле бермейтін өзге де қасиеттері бар:

1.Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.

2.Дене температурасын реттейді.

3.Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.

4.Жүрек ауруы мен сал болу (параллич) ауруынан сақтайды.

5.Су адам зейінін ашады.

6.Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.

Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-шипажайлары, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдалануда.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу