Су. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


САБАҚ:

Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ.

Сынып: 6-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.

Сабақтың тақырыбы

Су

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру;
  • Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.

Құндылықтар

  • Өмір бойы білім алу: судың пайдасы жайлы айту арқылы тілдік әрекеттердің барлық түрлерін қолдана отырып, коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру.
  • Ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау.

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Судың қасиеті, зерттеу, қатыру, үйлесімді, музыканы қабылдау, еріту, емдік қасиеті зор, адам ағзасы, үйлесімді, бей-берекет, көмескі

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Осыған дейін меңгерілген білім

Тарихи тұлғалар.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысымын тексеру, сыныптың назарын сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту:

- 2 3 5 4 2 13 К

Оқушыларды сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Сабақтың ортасы

 

Тыңдалымалды кезеңі.

Берілген сөздердің мағынасын түсіндір, сөздерге мағынасы ұқсас сөздер тауып жаз.

үйлесімді,  бей-берекет, көмескі

 

 «Инсерт» стратегиясы

 «ББҮ» кестесі.

 Білемін

 Білгім келеді

 Үйрендім (білдім)

 

 

 

1 –қадам: Судың қандай қасиетін білесіз? Сызбаның бірінші бағанын толтырыңыз.

Оқушыларға кестедегі бірінші бағанға бүгінгі тақырып бойынша не білетіндерін жазады.

 2 –қадам: Ал екінші бағанға не білгіңіз келетінін жазыңыз.

Тыңдалым мәтіні:

Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жылдар бойы судың қасиетін зерттеген екен. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқы жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілдері көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп біздің бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Ендеше, ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.

Судың біз біле бермейтін өзге де қасиеттері бар:

1.Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.

2.Дене температурасын реттейді.

3.Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.

4.Жүрек ауруы мен сал болу (параллич) ауруынан сақтайды.

5.Су адам зейінін ашады.

6.Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.

Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-шипажайлары, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдалануда.

Тыңдалым кезеңі.

3- қадам: Тыңдап отырып, не білгеніңізді 3-бағанға жазыңыз.

Үшінші бағанға оқушылар бүгін не үйренгенін жазады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

Сұрақтарға жауап жазыңыз:

Ойлау деңгейі

Сұрақтарға жауап беріңіз

Білу және түсіну

Суды зерттеген кім?

Қолдану

Біз судың қандай қасиеттерін білдік?

Талдау

Су біздің эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын қалай дәлелдеген?

Жинақтау

Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?

Бағалау

Су ішкен жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?

Мұғалім үшін

Білу және түсіну, қолдану тапсырмаларын барлық оқушы орындайды.

Талдау және жинақтау тапсырмаларын орта деңгейдегі оқушы орындайды.

Бағалау тапсырмаларын жоғары деңгейдегі оқушы орындауы мүмкін.

2-тапсырма: Судың адамға қаншалықты пайдалы екенін қазіргі өмірмен байланыстырып айтыңыз?

Бағалау дескрипторы:

  • Мәтінді оқып, сызбаны толтырады;
  • Жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді;
  • Судың пайдасын өмірмен байланыстырып айта алады.

Сұрақтарды тексеру.

Кері байланыс

Үйге тапсырма: Сіздің отбасыңыз бір күнде қанша су пайдаланытынын зерттеп көріңіз (ішуге, гигиенаға,тамақ дайындауға пайдаланады).

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу