Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.

САБАҚ: 1-сабақ

Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ.

Сынып: 6-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология.

Сабақтың тақырыбы

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.1.1.- мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілген мәселені болжау.

6.4.4.3.- үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың болжау дағдыларын дамыту;

- үстеудің мағаналық түрлерімен таныстыру;

- қарым-қатынас барысында үстеудің білдіретін мағынасын ұғындыру.

Бағалау критерийлері

Мәтіннің атауын талқылайды және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды;

Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады.

Құндылықтар

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Сабақта оқушылар бойына денсаулық және жауапкершілік сынды құндылықтарды дарыту, жаһандық азаматтық ұстанымы мағынаны тану кезеңіндегі тапсырмалар негізінде жүзеге асады.

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Үстеу және оның мағыналық түрлерімен танысады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Қызығушылықты ояту.

Жаңа туған сәбиге байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіздер? Топтық талқылау.

Сабақ мақсаты, бағалау критерийлері мен дескрипторлар түсіндіріледі, талқыланады.

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану

Тыңдалым алды кезеңі.

Оқушылар салт-дәстүр атауларын тілек, ырымдармен сәйкестендіреді. Жұптар бір-бірінің жұмысын тексереді.

Сүйінші

Тұсау кесу

Ат қою

Кіндік кесер

Қырқынан шығару

Қырықтың бірі – қыдыр

Кіндік шеше

Ала жіпті аттамау

Қасиетті, киелі құтты мүлік

Ат ұстар, Көйлек тігер

Бесікке салу

Құлағына үш рет сыбырлау

Тыңдалым тапсырмасы. Аудионы 2 рет тыңдайды.

Оқушылар мәтіннің бірінші бөлігін бір рет тыңдап, әрі қарай болжайды, қайта жалғастырып тыңдайды.

Тыңдалымның 1-бөлігі

- Әжетай, сүйінші, сіз шөберелі болдыңыз! Мен әке атандым!

- Сүйінші беремін, құлыным! Бауы берік болсын!

Дүниеге келген ұл ма, қыз ба?

- Ұл әже ұл!

- Айналайын, үлкен жігіт болсын! Атын кім деп қоймақсыңдар?

- Атын Бауыржан деп қойсақ, қалай қарайсыз, әже!

- Баланың атын қою да үлкен жауапкершілік. Есімді де ойланып қою керек, балам. Балаға атты жақсы таңдаған екенсіңдер. Сәбидің оң құлағына «Сенің атың – Бауыржан» деп үш айғайлап айтыңдар. Қыз бала болса, мұндайда сол құлағына айғайлайды.

- Жарайды, әже, артынан өзіңіз батаңызды берерсіз. Енді шөбереңіз өскенше, өзіңіздің ақыл-кеңесіңізге жүгінеміз.

- Аман болсам, әрине бәрін өзім атқарам.

Тыңдалымның 2-бөлігі

- Қырқынан шығарудан бастап, шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу деген сияқты.

- Қырқынан шығаруды қырық күннен соң жасай ма?

- Иә, әдетте қырық күннен соң деп айтылады, бірақ оған жетпей де қырқынан шығара береді. Қазақтарда жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары киелі болып саналады ғой. Ыдысқа қырық бір қасық су құйып баланы шомылдырады. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады. Нәрестенің шашы, тырнағы алынып, оны киіміне орап сақтап қояды.

Тыңдалым тапсырмаларын орындайды.

1-ден 3-сұраққа дейін дұрыс жауап нұсқасының тұсына белгісін қойыңыз.

  • Неліктен сүйінші сұрап тұрғанын анықтаңыз.

А. Немерелі болғандықтан

B. Шөберелі болғандықтан

С. Сәбилі болғандықтан

  • Ұл баланың қай құлағына айғайлап айту керек?

А. Оң құлағына

B. Сол құлағына

С. Екі құлағына

  • Қазақта қандай сандар киелі болып саналады?

А. Тоғыз, қырық, отыз тоғыз

B. Жеті, бес, он үш

С. Жеті, тоғыз, қырық бір

4-5. Мәтінге сәйкес келетін 2 дұрыс сөйлемді белгілеңіз.

Тұжырымдар

дұрыс

бұрыс

А

Енді шөбереңіз өскенше өзіңіздің ақыл-кеңесіңізге жүгінеміз.

В

Ыдысқа қырық қасық су құйып баланы шомылдырады.

С

Нәрестенің шашы, тырнағы алынып, адам аяқ баспайтын жерге тастайды.

6-8. Бос орынға қажетті сөздерді жазыңыз.

6. Жарайды, әже, артынан өзіңіз _____________ берерсіз.

7. Аман болсам, әрине бәрін өзім атқарам. Қырқынан шығарудан бастап, шілдехана, ____________________________ деген сияқты.

8. Иә, _____________________ соң деп айтылады, бірақ оған жетпей де қырқынан шығара береді.

Сұрақтар реті

Жауаптары

1

В

2

А

3

C

4

А

5

В

6

Батаңызды

7

Бесікке салу, тұсау кесу

8

Әдетте қырық күннен

Мұғалім әр оқушыға жазбаша кері байланыс береді.

Тыңдалым соңы тапсырмасы

Оқушылар https://learningapps.org/ сайтында үстеудің мағыналық түрлерін ажыратуға байланысты тапсырма орындайды. Оқушылар тақырыпты бүгінгі өмірмен байланыстырып, «Қазіргі уақытта нәрестемен байланысты салт-дәстүрлер қаншалықты жиі орындалады?» деген сұраққа жауап беріп, өз пікірлерін білдіреді.

Мағынаны тану

Тыңдалым алды тапсырмасы.

Дескриптор:

Мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды;

Тест сұрақтарына дұрыс жауап береді;

Екі дұрыс тұжырымды белгілейді;

Бос орынға қажетті сөздерді жазады;

Айтылымда үстеудің мағыналық түрлерін орынды қолданады.

http://bilim-all.kz/article/1945-Bala-dasturler

http://bilimland.kz/kk/content/structure/1608-qazaq_tili#lesson=12219

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу