Сабалақ. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Сабақ жоспары

Тарихи тұлғалар

Мектеп: Ақтөбе қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оракова М.С.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сабалақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.1.1 Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;

6.4.1.1 Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфоргафиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаты

Мәтіндегі тірек сөздер арқылы мәтін тақырыбын талқылауға, көтерілетін мәселені болжауға үйрету;

 Бағалау критерийлері

  • Берілген тірек сөздер арқылы мәтіннің атауын талқылайды;
  • Мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдап, көтерілетін мәселені болжайды;
  • Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфоргафиялық нормаға сай жазады.

 Тілдік дағдылар

Патшалық бекініс, қоқандық бекініс, хандық билік.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

 Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

7 минут

1-тапсырма. Оқушылар берілген кестедегі сөздерге қарап, мәтіннің атауын анықтап, топта талқылайды.

Щ

Н

Б

Қ

Ц

Р

Б

Л

Г

А

Ш

А

Й

Қ

А

С

Я

Ж

Ы

Л

Қ

Ы

Ш

Ы

Ф

Е

А

М

Ш

Т

И

Ь

С

А

Б

А

Л

А

Қ

.

Н

Г

П

Қ

Ч

И

Н

Ч

1._________________________________

2._________________________________

3._________________________________

4._________________________________

(Сабалақ, қалмақ, шайқас, жылқышы)

Слайд

Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым),

Сабақтың ортасы

15 минут

13 минут

Оқылым тапсырмасы

2-тапсырма

Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдайды, мәтіннің не туралы болатынын болжап, өз болжамдарымен салыстырады.

Абылай туралы аңыз

 Жиырмаға жетпеген жас Абылай хан қасында Оразаулық деген сарт жолдасы бар, Есіл бойында Атығай, Қарауыл деген елге келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бағып, жылқышы болып жүріпті: - Атың кім? - деп сұрағанға: - Атым Сабалақ! - депті. Бай бәйбішесіне айтыпты: (Осы жерден тоқтатылып, оқушылар болжамы тыңдалады)

 

 -Өзге жалшыдай көрме, мұны, күте гөр! Бойында қасиеті бар екен. «Қалайша» десең, алты күн, алты түн аш жүрсе де, өз қолымен бір ас құйып ішпейді және жарты аяқ ас ішсе де, сарқытын біреуге бермей, ішпейді. Сонымен бірге, жерге бір отырмайды. Дәнеме таба алмаса, киімін шешіп, астына салып отырады және түзге отырғанда, қыздан да ибалы, бір қырдың астына барып отырады, не болмаса, киімін басына бүркеніп отырады. Ал, ұйықтап жатқанда үсті жап-жарық болып тұрады, жанып тұрған шам шырағы болса керек. Сол уақытта қазақтың жылқысын түп көтере қара қалмақ Қатысыбан деген жау алыпты. Қазақ «қылқұйрық» деп көтеріле аттаныпты. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжаралы көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары, керей, уақтан шыққан Сары, Баян бәрі аттанып, қалмаққа барса, қалмақ шеп құрып, айналасын қорған қылып, шептің аузына жайнатып жасау төгіп, қыз-келіншек қойып, қазақтың батырлары жасауға қызығып шапса, ар жағында бұғып жатқан мергендері атып тастап, қалмақ қазаққа алдырмапты. Неше күн жатып, «сасық қамал » болып, қалмақтан жылқысын айыра алмай, «салы суға кетіп» қайтпақшы болыпты. Сонда жылқының соңынан қалмай қуған жылқышылардың бірі Сабалақ қазақтың қайтарына көзі жеткен соң, көптен оңаша шығып, атынан түсіп, шүберек белбеуін құрығының басына байлап, ту қылып, қалмақтың қамалына «Абылай!» деп жалғыз қойып кетті дейді. Құданың құдіретінің шеберлігінің тамашасы, өзіне атса оқ өтпейді, шапса қылыш өтпейді. «Кірген жерін есік, шыққан жерін тесік» қылып, жападан-жалғыз өзі қалмақтың қамалын бұзып, жылқының жусау тезегіндей топырлатып тастаған соң, қазақтың батырлары тұс-тұсынан кіріп, қалмақты жебір-жесір қылып, шауып, талап, шаш-етектен олжаға қарық болысып қайтысыпты. Жауды жеңіп, көңілдері тынған соң арғын, найманның батырлары: -Кеше бізден айтылмаған аруақ, шақырылмаған ұран қалған жоқ, бәрі дәнемеге жарамады. Бұл өзі жалғыз болса да тегі, заты кім екені белгісіз болса да, бәрімізден бақ-талайы жоғары, аруағы күшті екен. Бұрынғылар «қой асығы деме, қолайыңа жақса, сақа қой» деп еді. Кел, осыны хан көтерелік!-деп әу десіп, Атығай Есенаман байдың еркесіне алып келіп, ақ отау көтеріп, алты қатын алып беріп, ақ кигізге салып, хан көтерген екен.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

3-тапсырма

  • Мәтіннен жеке, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді тауып жазыңыздар.

Жеке сөздер:

Бірге жазылатын сөздер:

Бөлек жазылатын сөздер:

Дефис арқылы жазылатын сөздер:

ДЕСКРИПТОРЛАР

  • мәтіннің атауын талқылайды;
  • алғашқы бөлігі арқылы мәселені болжайды;
  • өз болжамдарымен салыстырады;
  • мәтінінен жеке жазылатын, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді анықтайды;
  • анықталған сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады;

«Аңыз адам» журналы.

Абылай туралы аңыздар.

https://www.inform.kz/kaz/article/2760991

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай стратегия арқылы оқушылардың ойын тыңдайды.

«Мендік пікір...»

  • Менің ойымша, ... ұнады, себебі...
  • Менің ойымша, ..., жақсы болар еді, себебі ...
  • ... бойынша жұмыс істеу /жалғастыру керек деп ойлаймын, себебі ...

Оқушылар бүгінгі сабаққа қатысты пікірін көмекші сөздер тізбегінен бірін таңдау арқылы білдіреді.

Түрлі түсті қағаздар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу