Сабалақ. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 3 сабақ
1-тапсырма.
- Кестеде жасырылған тірек сөздерді тауып, мәтіннің атауын анықтаңыздар және атауын топта талқылаңыздар.
Щ | Н | Б | Қ | Ц | Р | Б | Л |
Г | А | Ш | А | Й | Қ | А | С |
Я | Ж | Ы | Л | Қ | Ы | Ш | Ы |
Ф | Е | А | М | Ш | Т | И | Ь |
С | А | Б | А | Л | А | Қ | . |
Н | Г | П | Қ | Ч | И | Н | Ч |
1._________________________________
2._________________________________
3._________________________________
4._________________________________
2-тапсырма
- Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдаңыздар, мәтіннің не туралы болатынын болжап, өз болжамдарыңызбен салыстырыңыздар.
Абылай туралы аңыз
Жиырмаға жетпеген жас Абылай хан қасында Оразаулық деген сарт жолдасы бар, Есіл бойында Атығай, Қарауыл деген елге келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бағып, жылқышы болып жүріпті: - Атың кім? - деп сұрағанға: - Атым Сабалақ! - депті. Бай бәйбішесіне айтыпты: (Осы жерден тоқтатылып, оқушылар болжамы тыңдалады)
-Өзге жалшыдай көрме, мұны, күте гөр! Бойында қасиеті бар екен. «Қалайша» десең, алты күн, алты түн аш жүрсе де, өз қолымен бір ас құйып ішпейді және жарты аяқ ас ішсе де, сарқытын біреуге бермей, ішпейді. Сонымен бірге, жерге бір отырмайды. Дәнеме таба алмаса, киімін шешіп, астына салып отырады және түзге отырғанда, қыздан да ибалы, бір қырдың астына барып отырады, не болмаса, киімін басына бүркеніп отырады. Ал, ұйықтап жатқанда үсті жап-жарық болып тұрады, жанып тұрған шам шырағы болса керек. Сол уақытта қазақтың жылқысын түп көтере қара қалмақ Қатысыбан деген жау алыпты. Қазақ «қылқұйрық» деп көтеріле аттаныпты. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжаралы көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары, керей, уақтан шыққан Сары, Баян бәрі аттанып, қалмаққа барса, қалмақ шеп құрып, айналасын қорған қылып, шептің аузына жайнатып жасау төгіп, қыз-келіншек қойып, қазақтың батырлары жасауға қызығып шапса, ар жағында бұғып жатқан мергендері атып тастап, қалмақ қазаққа алдырмапты. Неше күн жатып, «сасық қамал » болып, қалмақтан жылқысын айыра алмай, «салы суға кетіп» қайтпақшы болыпты. Сонда жылқының соңынан қалмай қуған жылқышылардың бірі Сабалақ қазақтың қайтарына көзі жеткен соң, көптен оңаша шығып, атынан түсіп, шүберек белбеуін құрығының басына байлап, ту қылып, қалмақтың қамалына «Абылай!» деп жалғыз қойып кетті дейді. Құданың құдіретінің шеберлігінің тамашасы, өзіне атса оқ өтпейді, шапса қылыш өтпейді. «Кірген жерін есік, шыққан жерін тесік» қылып, жападан-жалғыз өзі қалмақтың қамалын бұзып, жылқының жусау тезегіндей топырлатып тастаған соң, қазақтың батырлары тұс-тұсынан кіріп, қалмақты жебір-жесір қылып, шауып, талап, шаш-етектен олжаға қарық болысып қайтысыпты. Жауды жеңіп, көңілдері тынған соң арғын, найманның батырлары: -Кеше бізден айтылмаған аруақ, шақырылмаған ұран қалған жоқ, бәрі дәнемеге жарамады. Бұл өзі жалғыз болса да тегі, заты кім екені белгісіз болса да, бәрімізден бақ-талайы жоғары, аруағы күшті екен. Бұрынғылар «қой асығы деме, қолайыңа жақса, сақа қой» деп еді. Кел, осыны хан көтерелік!-деп әу десіп, Атығай Есенаман байдың еркесіне алып келіп, ақ отау көтеріп, алты қатын алып беріп, ақ кигізге салып, хан көтерген екен.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
3-тапсырма
- Мәтіннен жеке, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді тауып жазыңыздар.
Жеке сөздер:
Бірге жазылатын сөздер:
Бөлек жазылатын сөздер:
Дефис арқылы жазылатын сөздер:
ДЕСКРИПТОРЛАР
- мәтіннің атауын талқылайды;
- алғашқы бөлігі арқылы мәселені болжайды;
- өз болжамдарымен салыстырады;
- мәтінінен жеке жазылатын, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді анықтайды;
анықталған сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды