«Хан шатыр» ойын-сауық орталығы. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (1-нұсқа) | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | О6.Оқылым стратегияларын қолдану 6.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу. | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқылым стратегияларын қолданады: комментарий жасайды, іріктеп оқиды. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийі | - мәтіннен қажет ақпаратты іріктей алады; - мәтінді оқуда комментарий жасап түйінді ой айта алады. | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: әйгілі сәулетші, Астана келбетіне айшықты көрініс беру, экоғимараттарының тізіміне ену, киіз үй пішіндес Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ... себептер бар. | |||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | оқушыларды топтық, жұптық жұмыстар кезінде бір-біріне деген құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих сабақтары | |||||||||||||||||
Бастапқы білім | Бейбітшілік пен келісім сарайы | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 | Қызығушылығын ояту Оқушылар «Бэкроним» әдісі арқылы «Хан шатыр» сөзінде берілген әр әріп бойынша мағыналы сөйлем құрып айтады. Сөздер бастапқы әріптен басталуы тиіс. Х- А- Н- Ш- А- Т- Ы- Р- Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорыта келе сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. Сынып оқушыларын бір топта төрт-бес адам болатындай етіп, бірнеше топқа бөледі. Сабақ мазмұнына сай «Хан шатыр», «ойын-сауық», «Норман Фостер», «Тілек ағашы» деген топтарға бөлуге болады. | 1-3-слайд | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-10 10-20 20-30 30-35 | Оқылым алды тапсырма «Сөздік гол» әдісі Мұғалім оқушыларға мәтіннен алынған сөздерді береді (әр топқа екі сөз: сәулет, туынды, лорд, белдеу, тәжірибе, хауыз). Олар топпен төмендегі кестені толтырады.
Оқылым тапсырмасы «ДЖИГСО» әдісі. Жұмыс алгоритмі: «Әлемді аузына қаратқан «Хан шатыр» мақаласы төрт бөлікке бөлінеді. Оқушылар да төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады, сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді. Әлемді аузына қаратқан «Хан шатыр» мақала Астана қаласының сол жағалауында орналасқан әлемдік сәулет өнерінің кестесінен орын алған тамаша өнер туындысы - "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы. Есімі әлемге кеңінен танылған әйгілі сәулетші лорд Норман Фостердің қиялынан туған бұл баламасыз архитектуралық өнер туындысы сәні мен салтанатын жарастырып келе жатқан Астана келбетіне айшықты көрініс беріп тұр. Ғимарат президент Резиденциясы мен үкіметтік ғимараттар кешенінен бастау алатын қаланың басты орталық белдеуін аяқтап тұр. "Хан шатырды" британдық Foster & Partners фирмасы жобалаған болатын. Оның биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы - 127 мың шаршы метр. Тағы бір атап өтетін жайт, "Хан шатыр" - Forbes Style журналының нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік он экоғимараттарының тізіміне енді. Мұндай құрметке ТМД елдерінен Қазақстан ғана лайықты болып отыр. 20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимараттың құрылысы кезінде пайдаланылған көптеген технологиялар мен материалдар теңдесі жоқ болып табылады, олардың кейбірі әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет қолданылып отыр. Шатырдың ерекше қабаты оны Астана халқына үйреншікті болып кеткен боран мен аяздан қорғап, іште қысы-жазы қолайлы климат ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әрдайым жайдары ауа-райы мен күн нұрының төгілуі – «Хан Шатырға» тән белгі болмақ. Түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл-желектерді мұнда сатылы террасадан кездестіруге болады. Ғимараттың орталығындағы кең алаң көрме және ойын-сауық шараларына арналған. Ғимараттың орталығында орналасқан "Тілек ағашындағы" жетім балалардың тілегі жазылған конвертті ашқан адам оны міндетті түрде орындау керек. Тропикалық су бағы мен алыс Мальдив аралдарынан арнайы әкелінген жұмсақ құм төселген керемет жағажай - орталықтың ең қызықты орындарының бірі. Хауыздардың бірінде орналасқан жасанды толқын әсерлі көрініс береді. Осы жерде жылдың кез келген мезгілінде тура Жерорта теңізінде демалып жатқандай сезімге бөленіп, рахат алуға болады. Айгерім Сматуллаева Оқылымнан кейінгі тапсырма «Шеңбердегі әңгіме» Оқушылар сынып бөлмесінің ортасына шеңбер құрып отырады. Содан кейін мақаланың мазмұнын талдап, комментарий береді, төмендегі сұрақтарды талдайды. •Не себептен мақаланы автор «Әлемді аузына қаратқан «Хан шатыр» деп атаған? •Сен осы мақаланы қалай атар едің? Неге? Өзіндік бағалау Әр оқушы бүгінгі сабақтан алған білімдері бойынша өзіндік бағалау жасайды. Бағалау сындарлы кері байланысты қамтылуы тиіс. Дескриптор: - мәтіннен қажет екі ақпаратты іріктеді; - мәтінге комментарий жасады; - түйінді ой айта алды. | 1-таратпа Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі немесе www.lugat.kz 2-таратпа https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/9407 Әлемді аузына қаратқан «Хан шатыр» | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия - нені үйрендім? - не нәрсе түсініксіз болып қалды? - немен қайта жұмыс жасау керек? | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды