«Хан шатыр» ойын-сауық орталығы. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 4 сабақ


 Сабаққа қолданылатын әдістер туралы мұғалімге кеңестер

 «Саяхаттаушы ақпараттар» әдісінің мақсаты өткен оқу материалдарын қайталауға арналған. Оқушының бойында бар білімді белсендіре отырып, жаңа тақырыпқа енгізуді көздейді.

 Орындалу шарты: Сыныптың әр бұрышына мұғалім сөйлем немесе сөздерді ақпараққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді.

 Кері байланыс, бағалау

 

 Оқушыны бағалау сабақтың өн бойында жүріп отыруға тиісті, яғни әр тапсырма орындалған сайын мұғалім оқушыға, оқушы өзіне (өзіндік бағалау) оқушы оқушыға (өзара бағалау) кері байланыс ұсынады. Ұтымды жауаптар мен жіберген қателіктерін талдайды. Кері байланыс нақтылаушы және интерпретация сұрақтар арқылы жүзеге асады:

 - мәтіннен стильге тән мынадай ... тілдік белгілерді дәл тауыпсыз, дегенмен ... назар аударған жөн;

 - қателесуім мүмкін, бірақ, менің түсінігім бойынша, сіз ... дедіңіз бе?

 - неге...?

 Сабаққа арналған қосымша мәлімет (Саралау үшін қолдануға)

 Әйгілі сәулетші Норман Фостер туралы не білесіңдер?

 

 Достым, «Прицкер» сыйлығының лауреаты, әлемге әйгілі сәулетші Норман Фостер туралы білесің бе? Ол - жаһандағы теңдесі жоқ сәулетші. Норман Фостер Астана қаласының архитектурасына үлкен үлес қосты. Оның елордамыздағы алғашқы жобасы - «Бәйтерек» монументі, одан кейін Бейбітшілік және келісім сарайының ғимараты мен Тұңғыш президент кітапханасы. Балалар заманауи, архитектура саласында hi-tech королі атанған Норман Фостер - ақылды үйлер жаңалығын енгізгендердің бірі. Бұл дегеніңіз - сөзбен басқарылатын жедел сатылар, дауыспен қосылатын кір жуғыш машиналар, қолдың ырғағымен жанатын шамдар. Қазіргі ғимараттарды салуда  кеңінен қолданылып жүрген шынылы айнаны да алғаш жобалап салдырған - Норман Фостер.  Айтпақшы, шатыр пішіндес әлемдегі ең үлкен ғимараттың бірі біздің Астанамыздың көркін асырып тұрған «Хан Шатыр» ойын-сауық кешенінің авторы да Норман Фостер екен.

 қайнар көз: https://balapan.kaztrk.kz

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу