«Хан шатыр» ойын-сауық орталығы. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 4 сабақ
Сабаққа қолданылатын әдістер туралы мұғалімге кеңестер
«Бэкроним» әдісі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, сөз қорын дамытуға арналған. Бұл әдіс арқылы тапсырма барысында оқушының ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды, жазылым дағдысы қалыптасады. Шарты: сөзде берілген әр әріп бойынша мағыналы сөйлем құрылады. Сөздер бастапқы әріптен басталады.
Х - халық
А - алып
Н - нағыз
Ш - шағын
А - алаңқай
Т - төңірек
Ы - ыңғайлы
Р – рәсуа
Мұғалім сыныптағы оқушылардың қабілет ерекшеліктеріне немесе жоғары класс оқушыларына бейімдеп, әдістің шартын сәл өзгертуіне болады. Мысалы әр әріптен басталатын сөздер тек қана тақырыпқа байланысты болсын деп немесе ӘТН мақсатқа байланыстырып алуына да болады.
Сабаққа арналған қосымша мәлімет (Саралау үшін қолдануға)
Әйгілі сәулетші Норман Фостер туралы не білесіңдер?
Достым, «Прицкер» сыйлығының лауреаты, әлемге әйгілі сәулетші Норман Фостер туралы білесің бе? Ол - жаһандағы теңдесі жоқ сәулетші. Норман Фостер Астана қаласының архитектурасына үлкен үлес қосты. Оның елордамыздағы алғашқы жобасы - «Бәйтерек» монументі, одан кейін Бейбітшілік және келісім сарайының ғимараты мен Тұңғыш президент кітапханасы. Балалар заманауи, архитектура саласында hi-tech королі атанған Норман Фостер - ақылды үйлер жаңалығын енгізгендердің бірі. Бұл дегеніңіз - сөзбен басқарылатын жедел сатылар, дауыспен қосылатын кір жуғыш машиналар, қолдың ырғағымен жанатын шамдар. Қазіргі ғимараттарды салуда кеңінен қолданылып жүрген шынылы айнаны да алғаш жобалап салдырған - Норман Фостер. Айтпақшы, шатыр пішіндес әлемдегі ең үлкен ғимараттың бірі біздің Астанамыздың көркін асырып тұрған «Хан Шатыр» ойын-сауық кешенінің авторы да Норман Фостер екен.
қайнар көз: https://balapan.kaztrk.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды